Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының Астана күні мерекесіне арналған құттықтау сөзі!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Минаимбекович Паяев бағыныштағы құрылым қызметкерлерін Астана күні мерекесімен құттықтады.
Өз баяндамасында ол Қазақстанда 6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні аталып өтетінін айтты.
Астана 1998 жылы жаңа Қазақстанның астанасы болды. Гүл іспетті кең далада гүл өсіп гүлденді. 90-жылдардағы кішкентай қала жаңа тәуелсіз Қазақстанның керемет астанасына айналды. Бүгінгі таңда Астана Қазақстанның ірі басқарма орталығы ғана емес, бұл-еліміздің инновациялық дамуындағы көшбасшысы, Қазақстанда жаңа мыңжылдықтың қайта құрылу қозғаушы күші, қазақ даласындағы туристік қазына. Бұл күні Астанада Қазақстанның астанасы күнін мерекелеу өтуде.
Сонымен қатар, бұл күні біз де баршамызға тұрақты даму және ынтымақтастықтың кепілі болып табылатын Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Елбасының 75-жылдығын атап өтеміз.
Біздің еліміздің және халқымыздың жетістіктері, өткен заманның және қазіргі уақыттың табыстары және болашағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Сондықтан барлық қазақстандықтар жалпыхалықтық мерекеге бар ықыласымен, Елбасына бейбітшілік пен келісім үшін тағы бір рет алғыс білдіруге мүмкіндік ретінде қарайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан - жаһандық маңызы бар Орталық Азияның көшбасшысы және әлемдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың жарқын үлгісі. Жастарға сену, бизнес-құрылым қауымдастығын күшейту, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқолықпен күрес, демократиялық институттарды нығайту, Кеден одағына ену – еліміздің стратегиялық даму бағдарламалары халықаралық деңгейде беделді меңгеруге мүмкіндік берді.
Бүгінде Қазақстанға ШОС, ОДКБ, ЕурАЗЭҚ елдерінде алдыңғы рөл берілген. Бұл Елбасымыздың ұлттық мінезі, кәсіби басқару шеберлігі.
Қазақстанның «ЕХРО-2017» өткізу құқығын жеңіп алуы құнсыз жеңіс, бұл Елбасының беделін, біздің астанамызды бүкіләлемдік масшабтағы оқиғаны өткізуге лайық орталық деп тануы әлемдік қауымдастықтың мойындауының куәсі іспетті.
Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығы ішінде бюджетке түсім жоспары 103,5% орындалды. Бүгінгі таңда бюджетке түсімдерді барынша қамтамасыз ету үшін барлық іс шаралар жүргізілуде.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында барлық қатысушыларға және отбасыларына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен ынтымақ, шексіз бақыт, қызметте кәсіби жетістіктер тіледі.