2015 жылғы 1 қазанға дейін мемлкеттік кірістер органдарымен бақылау іс шаралары өткізілмейді, жаңа БКМ қолданулары тиіс салықтөлеушілерке қатысты әкімшілік жаза шаралары қолданылмайды, дегенмен салықтөлеушілер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа БКМ қолданылуы тиіс
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 645 бабына сәйкес, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын алкоголь өнімдері, жанар жағар майды сатумен айналысатын салықтөлеушілер, қызметі жалпы қолдану телекомуникация жүйесінің жоқ жерлерінде орналасқан ақшалай есептеу арқылы сауда операциялары арқылы салықтөлеушілерді қоспағанда мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын қолдануы қажеттілігін еске салады.
Осылайша, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мәлімет беру және бекіту функциясымен БКМ қолданылуы тиіс, атап айтқанда бұл жаға БКМ. Сонымен қатармәлімет беру функциясы бар БКМ, яғни жаңартуға жатады. Жаңартуға фискалдық тіркеуші базасында қызмет атқаратын БКМ, иника 1102ФКZ, Меркурий 2004 жылдан бастап шығарылған барлық үлгілері, ЭКР 2102 ФКZ жатады.
Бүгінгі күнге жаңа БКМ ПОРТ маркасының БКМ 5 үлгісі жатады:
· ПОРТ FPG-60 ФKZ
· ПОРТ FPG -300 ФKZ
· ПОРТ MP-55B ФKZ версия ОФД
· ПОРТ DPG-25 ФKZ
· ПОРТ FPG -1000 ФKZ
Сондай-ақ,
БКМ реестріне PAX S80 NORD OnlineKZ БКМ үлгілерін енгізу жоспарлануда, қазіргі кезде тағы бір ККМ YARUS-TK-ON-KZ үлгілері тестілеу сынақтары өткізілуде.
Жаңа БКМ тіркеу процесі:
· Техникалық қызмет көрсету орталығынан (ТҚКО) жаңа бақылау кассалық аппарат сатып алу, ол жерде СИМ карта беріледі
· «Қазақтелеком» АҚ порталынан келісім-шарт шығарып алып оған электрондық-цифралық қол қою
· Аумақтық сеслекеттік кірістер басқармасына БКМ регистрациялық тіркеуге кою үшін өтінім және құжаттар топтамасын беру (құжаттар топтамасына порталдан алдын ала алынған және электрондық цифралық қол қойылған ФАО келісім шарт кіреді)
· Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасынан БКМ тіркелі карточкасын алу
· БКМ порталды тіркеп ID және токкен алу (токкен – сандық )
· БКМ іске қосу (БКМ ID және токкенді енгізу)
Сим–карта алу сұрақтары бойынша «Қазақтелеком» АҚ Қостанайлық бөлімшесіне және ТҚКО хабарласуды ұсынамыз, ТҚКО тізімі Қостанай облысы бойынша Мемелкеттік кірістер департаментінің сайтында орналастырылған.
ФАО келісім шарт жасау, ФАО сайтында БКМ іске қосу сұрақтары, бойынша ФАО сайтында жұмыс кезінде қиындықтар туралы Сall-центр (пайда болған сұрақтар туралы ыстық бағыт) 59-00-51 телефонына хабарласу қажет (қоңырау ақысыз).
Фискалдық ақпараттық операторының веб-ресурсы: www.oofd.kz.
Жаңа БКМ қолдану тәртібіне көші кезеңін БКМ сатып ату, сим-карта алу, ФАО келісім шаттарқа отыру ықтимал қиындықтарын ескере отырып, 2015 жылғы 1 қазанға дейін мемлкеттік кірістер органдарымен бақылау іс шаралары өткізілмейді, жаңа БКМ қолданулары тиіс салықтөлеушілерке қатысты әкімшілік жаза шаралары қолданылмайды.