Куәлік алдыңызба? Сіздерді қызықты жұмыс күтеді!
Куәлік алдыңызба? Сіздерді қызықты жұмыс күтеді!
2015 жылдың 15 шілдесінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, сондай-ақ оның барлық аумақтық басқармаларында жоғары оқу орындардын үздік бітірген түлектер үшін Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты сауатты және жас адамдарды мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа тарту және кәсіби кадр құрамын қалыптастыру болды.
Департаменттің Адам ресурстары басқармасының басшысы А.К. Джурабаева, кейбір аумақтық басқармаларында – басқарма басшылары түлектерге Мекмлекеттік кірістер органдарының қызметі туралы, салық және кеден басқармаларының, кеден бекеттерінің және экономикалық тергеу қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру туралы, мемлекеттік қызметке тұру ережесі туралы, сондай-ақ бос лауазымдар туралы әңгімелеп берді.
Аталған іс шараға Қостанай облысы бойынша 32 түлек қатысты.




Денисов ауданы бойынша МКБ суреті Қостанай ауданы бойынша МКБ суреті
Департаменттің баспсөз-қызметі




























