Date of publication: 01.03.2018 09:44
Date of changing: 01.03.2018 09:47

Аванстық төлемдерді төлеушілер Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 305 бабына сәйкес (әрі қарай СК) алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі (ЖЖК) түзетулер ескеріле отырып, АЕК 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын, салық төлеушілер болып табылатын. Мысалға: 2018 жылға АТ есептеу үшін, 2016 жылдың ЖЖК-нен ескерілуі қажет.

Аванстық төлемдерді КТС бойынша есептемейді және төлемейтін келесі санаттар: салық төлеушілер,

  • ЖЖК салық кезеңі үшін түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін, АЕК 325 000 еселенген мөлшерінен аз немесе тең;
  • егер 305 бап. 3 т. өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер- әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
  • салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар – салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
  • СК 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;
  • СК 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;
  • СК 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
  • СК 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.

Салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органға аванстық төлемдер бойынша келесі салық есептеменің  нысанын құрастырады және табыс етеді:

  • Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi, алдынғы салықтық кезең үшін нысана 101.01 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады.
  • Декларация тапсырылғанға дейiнгi кезең үшін төленуге тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есебi, алдынғы салықтық кезең үшін нысана 101.01 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бірақ салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынуға да құқылы.

СК 305-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 314-бабында белгiленген салықтық кезең iшiнде, осы Кодекстiң 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде, әрбір айдың 25-інен кешiктiрмей әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.

Аванстық төлемдердің есептеу тәртібі келесі:

  • декларацияға дейін, СК 305 баб. 2 т. 5 т. көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде СК 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы;

Салық төлеушілер, ағымдағы салық кезеңі үшін декларацияға дейін болжамдаған корпоративтік табыс салығының сомасын ескере отырып есептейді, соның ішінде:

  • алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;
  • бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – СК 305 бап. 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі;
  • декларациядан кейін, 305 бап. 4 т. 5 т. көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі;
  • декларациядан кейін:
  • егер 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған;
  • бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде – 305 бап. 3-тармағында көрсетілген;
  • алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.

Атап айтқанда, егер салық төлеушілермен салықтық кезеңнің нәтижелері бойынша нақты есептелген корпоративтің табыс салығы сомасы салық кезеңі аралығындағы аванстық төлемдер есептелген сомасы 20-дан астам пайыз мөлшерінде артық кеткен жағдайда, егер бұл әрекеті қылмыстық  жазалану  белгілерін жоқ болса, онда бұл салық төлеуші әкімшілік жаза айыппұл ретінде 20 пайыз мөлшерінде нақты салық сомасынан артық