Жергілікті салық жинау
жөнінде салық агенттерімен өткізілген «дөңгелек үстел».
Таран ауданы бойынша МКБ ғимаратында 2015 жылы 09 шілдеде 2001 жылдың 28 желтоқсандағы №1793 бұйрық бойынша мәлімет ұсыну және ауылдық округінің салық агенттерімен жергілікті салық жинау жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. Салық агенттерінен 13 адам қатысты. МКБ басшысының орынбасары А.К.Оразтаев мүлік салығы, көлік құралы, жер салығы бойынша болжамдық мәліметтер және банкке уақытында салық сомасын тапсыруды қамтамасыз ету немесе ұйымдасытру, банк операциясының басқа да түрлерін жүзеге асыруды орындау туралы сөз сөйледі.
Агенттерге келесі міндеттер қойылды:
1. Салық төлеуші жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салығы мен жер салығын жинауды ұйымдастыру.
2. Бюджетке уақытында салық жинағын аудару.
3. Пайдаланылған түбіртектер туры есеп беру.
4. 02.12.11 жылғы 1442 ережеге сай төленген салық сомасы бойынша әр онкүндік сайын мәлімет ұсыну.
5. Түбіртекті дұрыс толтыру және сақтау.
6. №1793 бұйрық бойынша мәліметті уақытында тапсыру.