Date of publication: 23.07.2015 18:14
Date of changing: 23.07.2015 18:14

Келесі заңға тәуекелді нормативтік-құқықтық актілердің күшіне    енгені туралы

 

Костанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық мүдделі тұлғаларға келесі заңға тәуекелді нормативтік құқықтық актілердің күшіне енгені туралы хабарлайды:

 «Кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №274 бұйрығы, 2015 жылдың 26 маусымында №11172 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген;

«Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауарлардың жекелеген санаттарын әкелу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен кедендік төлемдер мен салықтар салудан босатуды ұсыну мақсатындағы өзара іс-қимылының қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 27 наурыздағы №220 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №256 бірлескен бұйрығы 2015 жылдың 29 сәуірінде №10894 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген.