Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіруге қатысты «дөңгелек үстел»
Таран ауданы бойынша МКБ ғимаратында 2015 жылы 21 шілдеде Рудный өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Өңіраралық бөлімнің консультанты А.Қ.Өтебаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіруге қатысты дөңгелек үстел өткізілді.
Таран ауданының прокуратура көмекшісі Бахтияр Ерікұлы Ахметкалиев, Таран ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері қатысты.
Асылхан Қалмұханұлы Өтебаев жемқорлыққа қарсы стратегиясына арналған басты міндеттерге тоқталды, әлемдегі жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі жұмыстың негізгі бағыты анықталды, сонымен қатар өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы және мемлекеттік мекеменің лауазымдық жағынан қызметте жалғандық жасау фактілері анықталғандығы туралы сөз сөйледі.
Тыңдаушы қауым тарпынан сұрақтар қойылды, оларға жеткілікті жауап берілді.