Date of publication: 28.07.2015 10:40
Date of changing: 28.07.2015 10:41

ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №577 бекітілген  бұйрығымен, Бірыңғай бюджеттік сыныптауға өзгертулер енгізілді, оған сәйкес 2015 жылғы 1 шілдеден бастап салық және кедендік төлемдер бойынша БСК қысқарту жүргізілді.

Аталмыш өзгерістер ҚР ҚМ 2014 жылғы 30 қыркүйектегі №420 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптауының кейбір мәселелері» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 ҚР ҚМ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  бұйрығымен реттеледі.

Сонымен қатар, 2015 жылдың басынан бастап Бірыңғай бюджеттік сыныптауға Армения Республикасы және Қырғыз Республикасының еуразиялық экономикалық одағына енуіне байланысты (ҚР ҚМ 20.01.2015 жылғы №37 және 19.05.2015 жылғы №306 бұйрықтары)   кедендік төлемдер бойынша қосымша 7 БСК енгізілді.

Нәтижесінде, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі уақытта қолданыстағы 215 БСК 119 БСК-ға қысқартылды, бұл қолданыстағы БСК жартысынан көбін құрайды, 96 БСК сақталады.

2015 жылдан бастап жаңадан енгізілген БСК бойынша БСК сәйкестігі  кестесі қосымша ұсынылады.