«Сыбайлас жемқорлықты алдын алу» тақырыбына семинар
2015 жылдың 23 шілдесінде Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының акт залында Солтүстік аймақ бойынша МОДГСиП консультанты Т.Т.Смаиловтың, Қостанай ауданы прокурорының аға кеңесшісі С.К.Курмамбаевтың, Қостанай ауданының АІІБ инспектор-психологы А.О.Максакованың қатысуымен семинар өткізілді. Қостанай ауданы бойынша МКБ қызметкерлері де қатысты.
Кіріспе сөзімен Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының басшысы Б.І.Сүлейменов сөйледі, семинардың қатысушыларын таныстырды, кеңесте талқылауға жататын сұрақтар мен семинардың мақсатын айтып өтті.
Қатысқандар:
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының табылуы мен бұлтартпау бойынша прокуратурамен өткізілген іс-шара туралы – Сабит Кнабаевич Курмамбаев.
С.К. Курмамбаев өзінің баяндамасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының табылуы және бұлтартпау бойынша прокуратура қызметінің негізгі моменттерін айтып өтті. Сонымен қатар 2015 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша аудан прокуратурасымен табылған басты бұзушылықтарының мысалдарын келтірді.
Сыбайлас жемқорлық – біздің қоғамның өткір мәселесі –Танат Токышевич Смаилов
Т.Т.Смаилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және мемлекеттік қызмет істері бойынша ҚР Агенттігінің қызметі туралы хабарлады. 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының тапсырмалары мен мақсаттарын түсіндіріп өтті. Міндеттер мен құқықтарды сақтау бойынша кеңес беру, түсіндіруге азаматтардың өтініштері үшін қызмет сайты және Консультациялық орталық құрылған. Call – орталық нөмірі 1494, электронды портал 1494.kz. Сонымен қатар, Солтүстік аймақ бойынша МРО қызметкерлерімен қылмыстық істер қозғалған мысалдары келтірілді.
Ұжымда тиімді әлеуметтік-психологиялық жағдайды қалыптастыру – Алина Олеговна Максакова.
Ұжымның жағдайынан және белсенділігінен маңызды дәрежеде оның әлеуметтік-психологиялық жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық жағдайдың басты көрсеткіші жұмыскерлердің еңбекпен қанағаттанушылық дәрежесі, органның толық қызметінің және жеке қызметінің нәтижелерімен, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынастар болып табылады. Тиімді әлеуметтік-психологиялық жағдай ұжымның жоғары саналы-психологиялық тұрақтылығы үшін өзінің әлеуметтік функциясын сақтау кезінде экстремалды жағдайлар, деструктивті факторлардың ықпалына қарсы қабілеттілікті ұсынатын қажетті алғы шарттар қалыптастырады.
Аяқтауда Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бөлімінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тұрақты негізде жүзеге асырылады және жүктелген қызметтерді орындау кезінде басым сипаттағы тапсырмалар болып табылатынын айтып өтті.
Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет нәтижелі болмайды, егер қоғам, әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы шешім көрсетпесе. Перспективті жоғары кәсіптілік, жоғары мәдениет, еңбекқорлық болып табылатын адал, сыпайы, әділ адамның мәдениеті барлық қоғамның әлеуметтік-психологиялық атмосферасын құрастыруға қоғамның ұмтылысын ынталандырумен жасалады. Бұл шаралар, құқықтық іс-шаралармен жиынтықта біздің елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы күрестің бұдан әрі белсенділігі үшін шынайы себеп болып табылуы мүмкін.