Мемлекеттік қызмет саласында жаңа жүйесін енгізуге түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел».
Таран ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының ғимаратында 2015 жылғы 27 шілдеде Рудный өңірі бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ісі жөніндегі өңіраралық бөлімнің кеңесшісі А.К.Өтебаевтың қатысуымен, мемлекеттік қызмет саласында қызметшінің нәтижеге қол жеткізуге үлес қосуына байланысты еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге қатысты брифинг өткізілді.
Қатысқандар: Таран ауданы прокурорының көмекшісі Бахтияр Ерікұлы Ахметқалиев, Таран ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкерлері.
Асылхан Қалмұханұлы Өтебаев қатысушыларды мемлекеттік қызмет саласында қызметшінің нәтижеге қол жеткізуге үлес қосуына байланысты еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу туралы Президент Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен таныстырды. Тапсырманы сапалы орындау үшін, келесі жылдан бастап нақты- баллдық шкала негізінде төлемақы төлеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар, лауазымдар деңгейі 8 факторға бөлінген, әр деңгей қажетті құзыреттілік және жауапкершілік өсімі бойынша дәрежесінен құрастырылған. Көрнекілік ретінде Агентстваның жеке лауазымдары бойынша баллдарды бөлу кезінде аталған әдістің қалай пайдаланылатынына мысал келтірілді.
Таран ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының басшысы К.Т. Мұқанов баяндамашыға брифинг өткізгені үшін алғысын және заңнамаға енгізіліп жатқан жаңа өзгерістер мемлекеттік қызметшілер қатарына жас мамандарды тарту үшін жаңа серпін беретініне нақты сенім білдірді.