Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында мынаны хабарлайды.
23.06.2015 жылғы №343 «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы негізінде СЭҚ қатысушы «төленген салықтар, бюджетке міндетті басқа төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдарды есепке алу және қайтаруды жүргізу», атап айтқанда, кедендік баждар, салықтар және кедендік алымдар бөлігінде мемлекеттік қызметіне жүгінген кезде, бұрын кеден органдары берген «кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың төленген сомаларының артық (қате) болуы туралы растама» құжатын ұсынбастан, мемлекеттік кірістер органдарына кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтаруға (есепке жатқызуға) салықтық өтініш беріледі.