Date of publication: 29.07.2015 16:37
Date of changing: 29.07.2015 16:41

2015 жылдың 21 шілдесінде  Жітіқара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысымен ұйымдастырылған Жітіқара ауданы әкімінің қатысуымен аудандық БАҚ журналистерімен келесі тақырыптағы брифинг өткізілді:

«Жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуы, сондай-ақ бюджетке түсетін қосымша қорларды анықтау бойынша іс-шаралар жоспары».

«Жоспар бойынша 2015 жылдың 6 айлық нәтижелеріне сәйкес жергілікті бюджет 779,7 млн. теңге, 816,1 млн. теңге келіп түсті немесе 104,7 % орындалуы (36,4 млн. теңге ауытқу сомасы), соның ішінде аудандық 100,9 % орындалуы (6,5 млн. теңге ауытқу сомасы).

2015 жылдың 1 жартыжылдықтағы өткен жылмен салыстырғанда ЖБ түсім 92,5 млн.теңгеге көбейді (облыстық бюджет бойынша азаю көлемі 15,7 млн. теңге, аудандық бюджет бойынша көбею көлемі 108,2 млн.теңге)»  - деп мәлімдеді Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысы  Б.М. Шуинов.

Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысы жергілікті бюджеттің тұтас орындалуына қарамастан, жергілікті бюджетке түсімдер түсуінің – жеке тұлғалардан (көлік, мүлік, жер) жергілікті салықтарды бақылау мен әкімшілендіру ең басты тапсырмаларының бірі болып табылады деп қосып айтты.

Ол Жітіқара ауданы әкімдіктерінің ҚР Салық Кодексінің 24 бабының орындалу бағытында жаппай жұмыс істеуін сұрады.

Брифинг барысында «Алкоголь өнімі мен этил спиртін өндіру және сатудағы мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының орындалуы мен алкоголь өнімін әкімшілендіру бойынша мәселе қозғалды. Осыған мысалы кейбір ауыл аймақтарында алкоголь өніміне лицензия жоқтығы әлі де орын алып жатыр (Тимерязево а., Хозрет а.).

Осыған орай, ауыл аймақтарының және Жітіқара қаласы әкімдіктерін, ІІБ учаскелік  «Алкоголь өнімі мен этил спиртін өндіру және сатудағы мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңының қағидаларын бұзу фактілерін анықтау үшін өз жұмысын жаңартуды сұраймыз.

Жітіқара ауданы бойынша МКБ басшысының сөзі соңында қатысқан журналистер мен жергілікті БАҚ журналистері бюджетке түсімдердің түсуіне, салықтарды әкімшілендіруге байланысты сұрақтар қойып, оларға мінсіз жауаптар алынды.

                                                                   Жітіқара ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы