БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Оқиға: Аудандар және шағын қалаларда кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары - Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарының (КПО) кеңесші-менеджерлерінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне және тұрғындарға қызмет көрсету болып табылады.
«Бизнесің жол картасы 2020» бизнесті дамытуды қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасы сыртқы кеңесшілерді тарту арқылы КПО кеңесші-менеджерлерімен бейне байланыс бойынша оқыту семинарын ұйымдастырылды.
Салық салу мәселесі бойынша, соның ішінде 2015 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген ҚР салықтық заңнамасына өзгерістер бойынша баяндамамен Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Б.У.Ерменов сөз сөйледі.
Өткізілген күні және уақыты: 2015 жылғы 28 шілде, сағат 17 -00
Өткізілген орны: Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференц залы, Қостанай қаласы, Әл Фараби даңғылы, 116, 4-қабат
Семинарға қатысушылар:
- Қостанай облысының аудандары мен қалаларының КПО кеңесші-менеджерлері;
- Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасының жұмыскерлері.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Қостанай облысының кәсіпкерлер Палатасы әзірлеген оқыту кестесіне сәйкес КПО кеңесші-менеджерлерінің біліктілігін арттыру.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі сөз сөйлегеннен кейін, «Сұрақ-жауап» түрінде талқылау өткізілді.