Date of publication: 10.08.2015 16:30
Date of changing: 10.08.2015 16:35

«Прокурор түсіндіреді» Науқаны

 

2015 жылдың 6 тамызында Қостанай облысы кәсіпкерлерінің палатасы ғимаратында «Прокурор түсіндіреді» Науқаны  өтті.

Науқанға келесі тұлғалар қатысты:  

Қостанай облысы прокурорының орынбасары – Абденов С.А.

Қостанай облысы Әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы - Сокитбаев М.А.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының м.а. – Уржанов М.Ж.

Қостанай облысы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары – Садвакасов С.С.

 

 

Іс-шараны жүргізу барысында алкогольдық өнімдер айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері қозғалған болатын, атап айтқанда алкогольдық өнімдерді түнгі уақытта, 21 жасқа толмаған тұлғаларға, бекітілген минималды бағалардан төмен бағаға, сонымен қатар пластик ыдыстарда  сатуға тыйым салу мәселелері.

Мемлекеттік кіріс органдарымен тұрақты өткізіліп отыратын алдын алу шараларына қарамастан, алкогольдық өнімдер жасырын сатылып келетінін айта кеткен жөн, мысалы көтерме жеткізушілер толтыратын ілеспе жүкқұжаттардағы деректерді сараптай келе, қазіргі уақытта әрекет етіп тұрған 3000 бөлшектеп сатушының ішінде – 1200 немесе 40%-ы алкогольды минималды көлемдерде  ғана сатады екен, демек күніне 1 литрден кем, осының өзі бөлшектеп сатушылардың дерлік 40%-ы нақты сатылған өнім көлемін кемітіп көрсететіндігін айтып тұр. Дәл осы жағдай лицензиясыз қызметке де қатысты, алкогольдық өнімдерді сатуға рұқсат беретін лицензияларын ресми түрде мемлекеттік кіріс органдарына тапсырған сауда нүктелерін қарап тексеру барысында, 9-дың 3-інде алкогольдық өнімдер сатылып жатқаны анықталған болатын. 

 

 

2015 жылдың 1 жартыжылдығы нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарымен 95 тақырыптық тексерістер өткізілді, осының барысында 95 субъект жалпы сомасы 11,5 млн.теңгені құраған айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, айналымнан 2 580 литр көлемінде алкогольдық өнім алынып тасталды.

Шілде айы мен тамыз айының басындағы нәтижелер бойынша 29 тақырыптық тексеріс жүзеге асырылды, 24 сауда нүктесінде бұзушылықтар анықталды, айналымнан 1190 литр алкогольдық өнім шығарылды. Негізгі бұзушылықтар – алкогольдық өнімдерді ілеспе жүкқұжаттарсыз сату, минималды бағадан төмен сату, сонымен қатар өнімдердің Қазақстан Республикасының үлгісіндегі есепке алу-бақылау маркілерімен маркіленбеуі.

Сонымен қатар, 2015 жылдың өткен кезеңі бойына келесідей фактілер анықталды:

- есепке алынбаған этил спиртін 19 мың литр көлемінде, демек 24 млн. теңге сомасына тасымалдау факті.

- Қазақстан Республикасының үлгісіндегі есепке алу-бақылау маркілерімен маркіленбеген шыны ыдыстағы ресейде өндірілген алкогольдық өнімдері сату 3 фактісі (виски «Jack Daniels», коньяк «Hennessy Cognac», коньяк «Chivas Regal», коньяк «Адмиралъ») және көлемі 5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған құрамында спирті бар сұйықтық, бұл өнім Қазақстанға заңсыз түрде әкелінген және салық төлендеген,  осы алкогольдық өнім 16 мың бөтелке көлемінде, 22 млн.теңге сомасына тәркіленді.

Жалпы сот шешімі бойынша 46 млн.теңге сомасына контрафактілі алкогольдық өнім тәркіленді, 3,4 млн.теңге сомасына айыппұлдар салынды.

         Алкогольдық өнімдердің көлеңкелі айналымы мәселесі үнемі бақылауда. Алкогольдық өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатымен, Департаментпен істің экономикалық жағына бағытталған – алкогольдық өнімдерді сататын субъектілер, олардың жеткізушілері, сатып алушылары тізімдерін жүргізу, салықтық есеп беру нысандарын камералдық бақылау,  жеткізуші-сатып алушы схемасы бойынша ілеспе құжаттар және декларациялар деректерін салыстырау сияқты іс-шаралар кешені, сондай-ақ, жедел-іздестіру шаралары шегінде: бақылау, тұлғаларды сұрастыру, оперативті сатып алу,  заңсыз алкогольдық өнім қозғалысының сызбасын жасау, арнайы техникалық және ақпараттық құралдарды пайдалану шаралары жүзеге асырылуда.