Date of publication: 11.08.2015 10:43
Date of changing: 11.08.2015 10:47

Ақпарат

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар

бақылау-касса машиналарын тіркеу тақырыбына

дөңгелек үстел

 

            Таран ауданы бойынша МКБ-сының ғимаратында 2015 жылғы 03 тамыз күні Таран аудандық кәсіпкерлер палатасының  филиалы өкілдерінің, Таран ауданы бойынша «Норд- Трейдинг- ЛТД»ЖШС жеке кәсіпкерлердің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді.  Қатысқандар:барлығы 17 адам.

АҚжӨО басшысы И.В. Маер  қатысушыларды 2015 жылғы 1 шілдеден бастап тіркеу және деректерді тапсыру қызметімен жабдықталған жаңа бақылау-касса машиналарын (бұдан БКМ) қолдануға міндетті түрде тиісті, яғни бұл жаңа БКМ, сондай- ақ деректерді тапсыру қызметімен жабдықталған қолданыста бар БКМ жаңғырту қажет екенін атап өтті. Фискальді тіркеу базасында қызмет ететін Миника 1102ФКZ, Меркурий, 2004 жылы шығарылған ЭКР 2102 ФКZ барлық модельдер жаңғыртылуға тиісті.  «Норд- Трейдинг- ЛТД» ЖШС өкілі   А.И.  Степаненко жиналғандарды жаңа БКМ тіркеу процессімен таныстырды.

 

 · Техникалық қызмет көрсету орталығынан (ТҚКО) жаңа БКМ сатып  алу және сим-карта алу.

·  ФДО- мен шартты ФДО порталынан  жүктеу және ЭСҚ оған қол қою.

· Мемлекеттік кірістер аумақтық басқармасына БКМ тіркеу есебіне қою үшін, өтініш пен құжаттар пакетін(құжаттар пакетіне алдын ала ФДО порталынан  жүктелген ФДО- мен шарт кіреді) ұсыну.

·  Мемлекеттік кірістер аумақтық басқармасынан БКМ тіркеу карточкасын алу.

· Порталда БКМ тіркеу және БКМ үшін   ID және  токен алу.

· БКМ авторизациялау (БКМ ретке келтіру үшін  ID  және   токен алу). токен – сандық код, бақылау-касса машиаларын санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау және фискальді деректер операторының серверімен  қосылған

· БКМ авторизациялау (ID  және  БКМ ретке келтіру арқылы токенге қосу).

 

 

Сим-картаны алу мәселесі бойынша  «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалына және  ТҚКО жүгінуіңізді ұсынамыз, ТҚКО тізімі Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің сайтына орналастырылған .

ФДО-мен шарт жасасу,  ФДО сайтында БКМ автризациялау, ФДО сайтында жұмыс істеу кезінде туындаған  мәселелер бойынша Сall-орталығына 59-00-51 нөміріне (туындаған  мәселелер бойынша шұғыл желі) телефон соғуыңызға болады (қоңырау шалу тегін).

 

Жаңа БКМ қолдану тәртібіне көшу мерзімінде, БКМ, сим- карталарды сатып алу, ФДО-мен шарт жасасу кезінде  туындайтын қиыншылықтарды ескере отырып, 2015 жылдың 1 қазанға дейін БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілерге қатысты Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан тексерулер өткізілмейді және әкімшілік жаза тарту шаралары қолданылмайды

 

 Дөңгелек үстелді өткізу барысында салық төлеушілер көптеген сұрақтар қойды, дөңгелек үстел жұмысына қатысқан өкілдер толық жауап берді. 

№1 сұрақ.  Таран ауданының  ТҚКО –ында нақ қазір жаңа БКМ бар ма?

Жауап .  Нақ қазір жаңа БКМ жоқ, бірақ өтініш білдіруге болады.

№2 сұрақ. Осы үдерістің, яғни жаңа БКМ сатып алу, байланыс арнасы, БКМ қызмет көрсету бағасы қанша?

Жауап. Қызмет көрсету және  байланыс арнасы ай сайын 12-13000 теңге және жаңа БКМ-ны сатып алу, әр БКМ бағасы 70000 теңге көлемінде болады.