Date of publication: 14.08.2015 12:32
Date of changing: 14.08.2015 12:34

2015 жылғы 10 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауар номенклатурасы және кедендік құн басқармасы Департаменттің лауазымды тұлғаларымен тауарларды кедендік тазарту кезінде кедендік операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін ЕАЭҚ және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін үйрету бойынша семинар-сабақ өткізді.

 

2015 жылғы 10 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді, онда мынадай мәселелер қаралды:

-         Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭҚ мүше елдердің аумағынан импортталатын тауарларға ЕАЭҚ СЭҚ ТН коды бойынша қорытындылар беру;

-         Әкелінетін тауарларға нақты төленген немесе төлеуге жататын құн үшін делдалдарға (агенттерге) және брокерлерге сыйақыны қосу;

қазақстан-қырғыз шекарасында кедендік бақылауды аяқтау және Қазақстан Республикасы және Қырғыз  Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасауды жою.