«Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күні»
мерекелеуіне қарсы салтанатты іс шара

Осыдан бір жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Кедендік бақылау комитеті және Салық комитеті қайта ұйымдастырылып, Мемелекеттік кірістер комитеті кұрылды. Бір мезгілде
, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін тарату жолымен, экономикалық және қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша міндеттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемелекеттік кірістер комитетіне берілді.
Осыған байланысты 2015 жылғы 14 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемелектеттік кірістер департаментінің басшысы А.М. Паяев салтанатты жиында Департаменттің қызметкерлерін алғашқы кәсіби мерекесімен – Мемелкеттік кірістер комитетінің құрылған күнімен құттықтады.

Ол Мемелкеттік кірістер органдарының фискалдық функцияны орындайтын және құқық қорғау өкілеттілігі берілген азаматтық ведомство
болып табылатынын атап өтті. Барлық қызметкерлер мен олардың жақындарына зор денсаулық, үлкен жетістіктер, аманшылық және бейбітшілік өмір тіледі.
Салтанатты жиынға ардагерлер шақырылды, олар да барлық қызметкерлерді кәсіби мересімен құттықтады.
Өз қызметтік міндеттерін мінсіз орындағандары үшін бірнеше қызметкерлер Департамент басшысының атынан алғыс хатпен және құрмет грамоталарымен марапатталды.































