Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке құзіреттілігі тренингі өтті
Қостанай облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментінде 2015 жылғы 17-18 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқарма академиясының профессоры, психология ғылымдарының докторы Лейла Умурзаковна Асылбековамен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің жеке құзіреттілігі тренингі өтті.
Тренингке Департамент басшысы, Департамент басшысының орынбасарлары, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің басшылары, Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы, «Қостанай-ҚРО» кеден бекетінің басшысы, сондай-ақ Департаменттің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.
Л.У. Асылбекованың тренинг өткізу барысында Департамент қызметкерлеріне оң баға берілді.





























