«Қостанай-КРО» кеден бекетінің басшысы Қ.Ә. Әбдіханов өзі басқарып отырған бекеттің жеке құрамына жетім, ата-ана қарауынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына қайырымдылық көмек көрсету ұсынысын білдірді.
«Қостанай-КРО» кеден бекетінің жеке құрамы бір ауыздан ерікті түрде бұл қайырымдылық шараға ат салысуға келісті. Мектепке қажетті киімдер, оқу құралдарын алу үшін ақшалай қаржы жинады.
Осылайша, «Қостанай-КРО» кеден бекетінің жеке құрамы 23.11.2015 жылы туған Дмитрий Черепинскийге мектепке қажетті заттар, мектеп формасын, сөмке және аяқ киім алып берді.




























