Date of publication: 04.09.2015 15:14
Date of changing: 04.09.2015 15:17

«Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен бақылау-кассалық машиналарын тіркеу туралы», «ЭШФ АЖ тіркелу» тақырыбына семинар.

 

 

2015 жылдың 18 тамызында Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының акт залында Қостанай ауданы бойынша МКБ басшысының м.а. А.А.Бекеновтың, «Салық innovation» Тыңшы Деректерін Өңдеу Жәрдемі Қазақстан Қауымдастығы заңды тұлғалар Бірлестігінің вице-президенті В.Ю.Свининыхтың, АҚ «Қазақтелеком» «РПУТ» басшысының м.а. Ю.М.Новгородовтың қатысуымен семинар өткізілді.

Кіріспе сөзімен Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының м.а. А.А.Бекенов сөйлеп шықты, жиналыста талқылауға жататын сұрақтарды және семинардың мақсатын, семинардың қатысушыларын айтып өтті. 

 

Қатысқандар:

Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен жаңа БКМ туралы–Болатбек Әбілұлы Қырықбаев.

              Б.Ә.Қырықбаев өзінің баяндамасында жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілерінің жоқ болу жерлерінде қызметі орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілерге жанармай, дизельді отын, алкогольді өнімдерді көтерме және (немесе) бөлшек жүзеге асыратын салық төлеушілер 2015 жылдың 1 шілдесінен қаражат есебі арқылы сауда операциялары кезінде белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен бақылау кассалық машиналарын (БКМ) қолдануға міндетті екенін еске түсіртті. Сонымен қатар жаңа БКМ тіркеу кезінде салық органдарына ұсыну үшін қажетті талап етілетін құжаттар тізілімінде және салық органдарында жаңа БКМ тіркеу сұрақтарына тоқталып өтті. Жаңа БКМ тіркеу бойынша салық төлеушілерге жадуалдар таратылды.          

Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен жаңа БКМ туралы – Владимир Юрьевич Свининых

      

       Салық төлеушілердің мәліметіне деректерін жіберу қызметімен БКМ техникалық талаптары және сәйкес келетін функциямен БКМ түрлері бекітілген тізілімі туралы жеткізді. Қазіргі сәтте қолда бар жаңа БКМ жүзеге асыруда, олардың техникалық сипаттамаларын, бағалы ұсыныстарын, жүзеге асыру мекен-жайларын нақтырақ айтып өтті. Сонымен қатар ескі БКМ (2004 жылдан ерте емес) өңдеу және жетілдіру сұрақтарына тоқталды. Жаңа БКМ техникалық мүмкіндіктері, ТҚО (техникалық қамсыздандыру орталықтарында) қызмет көрсету бойынша салық төлеушілердің көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жаңа бақылау – кассалық машиналарын тіркеу сұрақтары, БДО келісімге отыру–Юрий Михайлович Новгородов.

            Ю.М.Новгородов өзінің баяндамасында  салық төлеушілерге 2014 жылғы 29.12. №1393 ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, белгілеу деректерінің операторы (БДО) – нақты айтқанда жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына жедел тәртіпте қаражаттар есебі туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз ететін заңды тұлға – «Қазақтелеком» АҚ анықталғанын айта кетті. Сонымен қатар тіркеу тәртібі және БДО келісім жасау және www/oofd.kz БДО веб-ресурсы туралы түсіндіріп өтті. Семинарда телекоммуникация желілерінің техникалық мүмкіндіктерінің болмауы кезінде БКМ дерек

терін орнатудан босатылған тұлғалардың тізімі айтылды.

        ЭШФ АЖ тіркеу туралы - екінші сұрақ бойынша ЖСӘБ басшысы Б.Ә.Қырықбаев шықты. 2014 жылдың 1 шілдесінен Қазақстанда ерікті негізде электронды түрде шот-фактураларды (ЭШФ) көшіру мүмкіндігі туды. ЭШФ көшіру әкімшілігі ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті болып табылатын электронды шот-фактуралар Ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүргізіледі. ЭШФ АЖ қолдану ақысыз негізде жүзеге асырылады, ЭШФ көшіру үшін ЭШФ АЖ тіркеліп ЭШФ АЖ қатысушысы болу қажет.

Сонымен қата ЭШФ ерекшеліктеріне тоқталды:

ЭШФ көшіру мерзімі 15 күнге дейін;

Шетел валютасында ЭШФ көшіріп беру мүмкіндігі;

Өз жұмыскерлеріне электронды шот-фактураларды көшіру бойынша құқық беру мүмкіндігі;

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерімен жазылып берілген ЭШФ басқару мүмкіндігі;

Егер барлық шот-фактуралар электронды түрде жазылып берілсе, жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер (300.07) бойынша тізілімнің ұсынылмау мүмкіндігі;

Егер барлық шот-фактуралар электронды түрде жазылып берілсе, иеленген тауарлар, жұмыстар, қызметтер (300.08) бойынша тізілімнің ұсынылмау мүмкіндігі;

Басып шығаруға қағаздың және қаражаттың үнемделуі;

Алушыға орналасқан жеріне ЭШФ жылдам жеткізу, сонымен қатар ЭШФ АЖ-де сатып алушы мен жеткізіп берушінің арасында хабарламалармен тез алмасу мүмкіндігі;

ЭШФ АЖ өлшемді-логикалық бақылауды жүргізетіндіктен, қателерді жою мүмкіндігі;

Жеке бастапқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша рәсімдеуде алып тастау (тауар-көліктік құжаттама, төлемге есеп, сонымен қатар ЭШФ келісімнің жеке деректемесін көрсету мүмкіндігі).

Салық төлеушілерге ЭШФ бойынша кітапшалар және ЭШФ АЖ тіркелу бойынша жадуалдар табысталды.

         Семинардың қорытындылау бөлімінде А.А.Бекенов салық төлеушілерге өткізілетін заңдастыру және алдағы жалпыға ортақ жариялауға көшу туралы естеріне салды.