
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 наурызда № 16680 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығының негізінде шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа есеп нысаны бекітілді.
Бұрын қолданыста болған «Есеп жүргізу және есептілікті мемлекеттік кірістер органына ұсынудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 239 бұйрық күшін жойды.
Шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінедеректерді енгізу арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған Excel форматындағы электрондық құжат түрінде осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда анағұрлым төмен кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есепті ұсынады.
Шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда анағұрлым төмен кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп былайша толтырылады:
1-бағанда рет ретімен нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда шетелдік тауарға және (немесе) оны пайдаланатын тұлғаның ФАТ (бар болған жағдайда) толық атауы көрсетіледі;
3-бағанда шетелдік тауарға және (немесе) оны пайдаланатын тұлғаның БСН немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетіледі;
4-бағанда әр жол бойынша ТД нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда тауардың толық атауы көрсетіледі;
6-бағанда ТД 32-бағанына сәйкес декларацияланған шетелдік тауардың реттік нөмірі көрсетіледі;
7-бағанда ТД 33-бағанына сәйкес ЕАЭО СЭҚ Бірыңғай ТН сәйкес тауардың 10 мәнді тауар коды көрсетіледі;
8-бағанда ТД 37-бағанына сәйкес рәсімнің құрамдық коды көрсетіледі;
9-бағанда ТД 38-бағанына сәйкес килограммен тауардың таза салмағы көрсетіледі;
10-бағанда тауар саны өлшем бірлікпен (мысалы, данада, метрде, литрде, килограмда және өзгемен саны) тауардың саны көрсетіледі;
11-бағанда ТД 46-бағанына сәйкес АҚШ долларымен тауардың статистикалық құны көрсетіледі;
12-бағанда бухгалтерлік есепте бастапқы есепке алу құжаттарының қозғаласына сәйкес шетелдік тауарға ие және (немесе) оны пайдаланатын тұлға берген шетелдік тауардың түгендеу нөмірі (болған кезде) көрсетіледі;
13-бағанда бухгалтерлік есеп карточкасы бойынша шетелдік тауарға ие және (немесе) оны пайдаланатын тұлға берген бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес шот нөмірі көрсетіледі (болған кезде);
14-бағанда тауармен жасалатын іс-әрекет көрсетіледі. Толтыру кезінде мынадай кодтауды басшылыққа алу керек:
1) шетелдік тауарды өткізген жағдайда "1" деген цифр қойылады;
2) шетелдік тауарды үшінші тұлғаға берген жағдайда (мысалы, қоғамдық қор тауарды өтеусіз негізде үшінші тұлғаға берген кезде) "2" деген цифр қойылады;
3) шетелдік тауарды есептен шығарған жағдайда "3" деген цифр қойылады;
4) шетелдік тауарды жеке қажеттілігіне пайдаланған жағдайда "4" деген цифр қойылады;
15-бағанда ол бойынша тауар пайдаланылған құжат (мысалы, шот-фактура, есептен шығаруға арналған акті және өзге) көрсетіледі;
16-бағанда ол бойынша тауар пайдаланылған құжат нөмірі мен күні мынадай форматта көрсетіледі "КК.АА.ЖЖЖЖ";
17-бағанда пайдаланылған шетелдік тауардың таза салмағы килограммен көрсетіледі;
18-бағанда пайдаланылған шетелдік тауар саны өлшем бірлікпен (мысалы, данада, метрде, литрде, килограмда және өзгемен саны) көрсетіледі
19-бағанда шетелдік тауар өткізілген немесе берілген тұлғаның ФАТ (бар болған жағдайда) толық атауы көрсетіледі;
20-бағанда шетелдік тауар өткізілген немесе берілген тұлғаның БСН немесе ЖСН көрсетіледі;
21-бағанда өлшем бірлікпен (мысалы, данада, метрде, литрде, және өзгемен саны) тауарлардың қалдығы көрсетіледі;
22-бағанда есептілікті беру сәтіне шетелдік тауардың іс жүзінде орналасқан орны (мысалы, мекенжайы, ұңғыма нөмірі, кен орнының нөмірі және өзге) көрсетіледі.
Көрсетілген есептің бағандарын толтырған кезде ұяшықтарды толтырусыз қалдыруға жол берілмейді, тиісті бағандарда қандай да бір мәліметтер болмаған жағдайда "0" (нөл) деген цифр қойылады, есептілік ұяшықтарын біріктіруге жол берілмейді.
Есеп өсу қорытындысымен қалыптастырылады және қандай да бір мәндер өзшерген жағдайда деректер тоқсан сайын жаңартылуы тиіс.
Шетелдік тауарды өткізген жағдайда келесі есептерде осы тауар көрсетілмейді.
Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы