Date of publication: 04.09.2015 17:22
Date of changing: 04.09.2015 17:27

Қасақана қарыздар бойынша рейд

 

2015 жылғы 27 тамызда Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері жеке сот арқарушысы Ш.М. Кучукпаевамен бірігіп, Рудный қаласының БАҚ қатысуымен сот шешімдері шығарылған жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық бойынша берешектері бар салық төлеушілерден мүлікті алып қою жөнінде рейдтік іс шара өткізді.

Рейд барысында көлік құралдырына 60 мың теңгеден астам салық берешегі бар салық төлеуші М.М. Зейналованың орналасқан жері анықталды.

Рейд қорытындысы бойынша берешекті өтеу есебіне М.М. Зейналовқа тиесілі «MERCEDES BENZ 230» автокөлігі алынды.

Аталмыш шара тиімді, өйткені келесі күні М.М. Зейналов берешегін толық көлемде төледі. 

           

Сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Мемлкеттік кірістер департаментінің  Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  шағын және орта бизнес субъектілерін әкімшілендіру мақсатында тұрақты негізде салық органдарында тіркеу есебіне қою бойынша,  бақылау–кассалық машинасының қолдану тәртібінің сақталуына; алкогольді өнімдерге ілеспе жөнелтпе  құжаттарының бар болуына; алкогольді өнімге ең төменгі бағаның сақталуына,  акцизді және (немесе) есеп-бақылау маркаларымен маркілеуге жататын акцизделген тауарлар айналымына тақырыптық (рейдтік) тексеріс жүргізуде.      

         Үстіміздегі жылғы шілде-тамыз айында Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қала орталығындағы П.Корчагин көшесі бойынша тіркеу есебіне қою бойынша тексеру жүргізілді, салық есептілігінің ұсынылуын тоқтату туралы мемлекеттік кірістер органының шешімі заңды күші сақталу кезінде қызметті жүзеге асырудың 3 жағдайы, патент қызметінің мерзімі аяқталғанына қарамастан 2 ЖК кәсіпкерлік қызметімен айналысқаны анықталды. Салық заңнамасының нормасын бұзған барлық салық төлеушілерге әкімшілік шаралары қолданылды.  Жүргізілген іс-шаралар оң нәтиже берді, бір аптада 28 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелді және қызметін тоқтатқан 31 ЖК қызметін қайта бастады. Тексеріс жүргізілгенге дейін талдауға сәйкес апта ішінде орташа 5-6 жеке тұлға тіркелді.

Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жыл басынан бері жеке сұрақтар бойынша 137 тақырыптық тексеріс жүргізді. 2015 жылғы 15 шілдеден 2015 жылғы 15 тамызға дейінгі кезең ішінде салық органына тіркеу есебіне қою, бақылау – касса машинасын қолдану тәртібін сақтау, алкагольді өнімдерге ілеспе жөнелтпе  құжаттарының бар болуы; алкогольді өнімге ең төменгі бағаның сақталуы,  акцизді және (немесе) есеп-бақылау маркаларымен маркілеуге жататын акцизделген тауарлар айналымы мәселелері жөнінде 19 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша 22 тексеріс жүрзізілді. Тексеріс барысында 16 жеке кәсіпкер бойынша 18 бұзушылық айқындалды, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары бойынша: 282 б 3б 7 т – 7 ЖК; 283 б 2б – 2ЖК; 282 б 3 б 4 т– 5 ЖК; 284 б 1т . – 1 ЖК; 270 б 3 б – 2ЖК;  271 б 1б – 1 ЖК жауапкершілікке тартылды.   Әкімшілік сотқа қарасты әкімшілік істер бойынша 2378,4 мың теңге сомасында айыппұл салынды.