Бірінші кезекті-ұшақтар, бірақ спорт – одан да маңызды!
2015 жыл 21 тамызда Қостанай қаласының әуежайы аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығына және Әуе флотының күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді.
Спорттың бес түрі бойынша жарысқа алты команда қатысты.
Әр команда дене дайындығының жоғары деңгейін және жақсы спорттық келбетті көрсетті.
«Әуежай-Қостанай» кеден бекетінің ынтымақты командасы шағын футболда өз тәсілқойлығын көрсеттіп 1-орынды жеңіп алды, ал 2 және 3-орындар 36739 ә/б және «Авиа-Жайнар» АҚ берілді.
Волейбол, арқан тартыс, гир спортынан үздік шеберлік көрсетіп, жүлделі орындарды «Қостанай Халықаралық әуежайы» АҚ, «Әуежай-Қостанай» кеден бекеті және 44803 ә/б иеленді, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі және «Казаэронавигация» жақсы ойын көрсетті.
Теннистен жарыста Казаэронавигация» және 36736 ә/б-не тең келетін команда болмады.
Жолдастық кездесулерде жеңілгендер болмаса да, тәуелсіз бағалау үшін Қостанай облысы бойынша дене мәдениеті және спорт басқармасынан халықаралық дәрежедегі төрешілер шақырылды, сондықтан да қатысушылар әділ және кәсіби төрешілікпен риза болды.
Өткізілген жарыстар нәтижесі бойынша ұйымдастырушы «Қостанай Халықаралық әуежайы» АҚ басшылығының атынан әуежай директорының орынбасары В.В. Камелин жеңімпаз командаларға кубоктар, грамота және мадальдар табыс етті.Первым делом самолеты, но без спорта – никуда!