Диас мектепке дайын
Мұқтаж балаларға мектепке барлық қажеттіліктерді сатып алуға Қостанай ауданының мекемелері мен кәсіпорындары көмектесуде. Шетте қалмай «Мектепке жол» жыл сайынғы көлемді республикалық акцияға Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы да қатысты.
Басқарма қызметкерлері Затобол кентінен төртінші сынып оқушысы Диас тұратын Мухамбет отбасына барып шықты. Оған киім, аяқ қиім және оқуға қажеттіліктердің барлығын табыстады. Диастың тәрбиесімен оның әжесі Дана-әжей айналысады, оған барлық жылулығы мен сүйіспеншілігін артады. Дана-әже Басқарма басшылығына алғысын білдіріп, жетістіктер мен кәсібилікте мансап өсімін тіледі.
Қоштасарда Диас Басқарма қызметкерлеріне мектепте жақсы бағалар алып, белсенді әрі ұқыпты оқушы болатынына уәде берді.