Date of publication: 14.09.2015 10:20
Date of changing: 14.09.2015 10:22

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын және өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының «Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу туралы» 2015 жылғы 24 тамыздағы № 868 және «Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге тыйым салу туралы» 2015 жылғы 24 тамыздағы № 867 бұйрықтарының қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

Осы бұйрықтар 2015 жылғы 29 тамыздағы № 165 «Казахстанская правда» нормативтік құқықтық актілердің баспа басылымында ресми жарияланды және 2015 жылғы 29 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.