Date of publication: 09.10.2015 18:32
Date of changing: 09.10.2015 18:34

Шикізат мұнай тасымалдау фактісі айқындалды

 

Мемлекеттік кірістер Депаратменті Экономикалық тергеу қызметінің басымдық мақсатының бірі болып мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналым саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әшкерелеу болып табылады.

Бұл құқық бұзушылық 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 197 бабы бойынша квалификацияланады: «Мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу».

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымын кесу мақсатында Ішкі істер департаментімен, Көлік прокуратурасымен және Көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп іс шаралар Жоспарын әзірлеген, соның шеңберінде мұнай өнімдерін жүзеге асыратынавтокөлік құралдарын тексеру бойынша жұмыс атқарылады.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып іс қозғалып сотқа жіберілді, заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін тасыма

лдайтын тұлғаларға қатысты бірнеше қылмыстық істер тергеу кезеңінде тұр. Сотқа жіберілген істерде жеке тұлғалармен мотор майымен дизельдік жағармайды сақтау және тасымалдау, сату жүзеге асырылған.

Ақтөбе облысынан Павлодар облысы бағытында шикізат мұнай тасымалдау фактісі анықталды, автоколік Қостанай облысының Сарыкөл кентінде ұсталған, бүгінгі таңда іс Сарыкөл ауданының сатының қарауында.