Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменде
кеден бағыты бойынша Департамент басшысының жаңа
орынбасары тағайындалды
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшының жаңа орынбасары болып Талғат Айдарұлы Арысбаев тағайындалды.
Бүгін 2015 жылғы 9 қазанда Талғат Айдарұлы Арысбаевты Департамент басшысы Айбек Минаимбекұлы Паяев Департамент қызметкерлеріне таныстырды.
Т.А. Арысбаев 1978 жылғы 30 қыркүйекте Жамбыл облысында туған.
Бұрын Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Еңбек қызметін 1999 жылы Жамбыл облысы бойынша Кедендік басқармасының Контрабандаға қарсы күрес басқармасында инспектор болып бастаған.
2003 жылы Контрабандаға қарсы күрес басқармасының бастығы болып тағайындалған.
2010 жылы Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Посткедендік бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс атқарған.
2014 жылы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалған.