Алкогольді өнімді заңсыз тасымалдау фактісі айқындалды
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын кесу мақсатында Ішкі істер, Көлік прокуратурасы және Көліктік бақылау органдарымен бірлесіп акцизделетін тауарлардың (алкоголь және мұнай өнімдері) заңсыз айналым фактісін анықтау бойынша іс шаралар Жоспарын әзірлеген.
Аталмыш жоба шеңберінде жүк тасымалдайтын (алкоголь және мұнай өнімдері) көлік құралдарының құжаттарының болуы тексерілуде.
2015 жылғы 8 қазанда Департамент қызметкерлері Қостанай облысының Затобол ауылы аймағында ілеспе құжаттарсыз құны 2 миллион теңгені құрайтын 4800 бөтелке алкоголь өнімі бар автокөлікті ұстады. Аталмыш факт тіркеліп, Экономикалық тергеулер қызметіне берілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының үнемі бақылау бойынша іс-шараларына қарамастан алкогольді заңсыз сату орын алатынын айту қажет, мысалы алкоголь өнімдерін көтерме жеткізушілердің беретін ілеспе құжаттарының деректер талдауы 3000 қолданыстағы бөлшек сауда жүзеге асырушы 700-800 немесе 25 % алкогольді төмен көлемде өткізеді, яғни күніне 1 литрден аз бұл нақты өткізудің 25 % төмендету, яғни бөлшекті жүзеге асырушының барлығының төртінші бөлігі. Лицензиясыз қызметке де қатысты, сауда нүктелерін көзбе-көз тексеруде мемлекеттік органдарға алкогольді өнімді сатуға лицензия ресми таратқан, 9-дан 3-і алкогольді сату анықталған.
Бүгінгі таңда рейдтермен барлық республикалық және ішкі облыстық автожолдар мен трассалар қамтылған. Құқық қорғау және фискалдық органдардың бірлескен іс шаралары бұзушылықтарды анықтады, қыркүйек айының 2 аптасы ішінде:
10 заңсыз (ілеспе құжаттарсыз) алкогольді өнімдерді тасымалдау фактісі анықталды, құны 8,3 млн. теңгені құрайтын 16 мың литр алкогольді өнім тәркіленді;
5 заңсыз мұнай өнімдерін тасымалдау фактісі анықталды, құны 2,5 млн. теңгені құрайтын 20 тонна отын тәркіленді.
Бұл бағытта жұмыс үнемі атқарылатын болады.
2015 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен 190 сату нүктелері тексеруден өтті, өту барысында 6 млн. теңге айыппұл салынды сонымен қатар құны 22 млн. теңгені құрайтын 11 мың литр алкогольді өнім және құны 24 млн. теңгені құрайтын 20 мың литр этил спирті тәркіленді.
Негізгі бұзушылықтар ол алкогольді өнімдерді ілеспе құжаттарсыз, сәйкес лицензиясыз, ең төмен бағадан төмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үлгісінің есепке алу-бақылау маркаларының таңбаланбаған үлгісімен сату болып табылады.