Date of publication: 13.10.2015 18:23
Date of changing: 13.10.2015 18:25

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру» тақырыбына бейне селекторлық отырыс

 

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру» тақырыбына кезекті бейне селекторлық отырыс өтті.

Отырысқа Департамент басшысының орынбасарлары, Департамент басқармаларының, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеттерінің басшылары қатысты.

Департамент басшысы А.М. Паяев отырыста бірқатар тапсырмалар тапсырды:

Күнделікті қолданыстағы заңнаманы мүлтіксіз сақтау, қарауындағы басқармалардың қызметінің барлық бағыттарын қорытынды және зейінді бақылауда ұстау, салық салу субъектілері, СЭҚ және басқада жағынан кез келген арандату әрекеттеріне жол берілмесін.

Төтенше жағдай, қақтығыс және арандату жағдайлар туындаған кезде жедел түрде Депаратменттің басшылығын және Ішкі қауіпсіздік басқармасына хабарлау қажет. Сондай-ақ облыс аппаратының, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының және кеден бекеті барлық жеке құрамының еңбек тәртібін қатаң бақылауға алынсын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар күшейтілсін.

Кедендік ресімдеу тұрғысынан кеден бекетінің қызмет көрсету сапасына бақылау күшейтілсін.

Қызметтік және жеке телефон арқылы сөйлесу кезінде дөрекілік және ресми ақпаратты тарату фактілеріне жол бермеу. Әкімшілік ғимараттар кабинеттерінде  жеке сипаттағы әңгімелер жоққа шығарылсын.

Салық төлеушілермен сұхбат өткізу кезінде салық және қосымша резервтерді қамтамасыз ету бөлігінде құзыретті басшыларының міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету және сұхбатты хаттамалау қажет (диктофон арқылы).

Қостанай қаласы бойынша МКБ барлық жеке құрамының қатысуымен «Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бақылауды күшейту» тақырыбына жедел отырысын өткізу қажет.

ЭТҚ қызметкерлерімен басым тексерулер барысында ірі кәсіпорындарға қозғалған істер шеңберінде,  сондай-ақ тексерулерді өткізу, зерттеу өткізу кезінде ІҚБ қызметкерлерін тарту қажет.