Алкоголь өнімдерін, жанар жағар майды (авиациялықтан басқа) сатумен айналысатын салық төлеушілермен семинар өтті
2015 жылғы 13 қазанда Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кірістер органдарына мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын қолдануға міндетті алкоголь өнімдерін, жанар жағар майды (авиациялықтан басқа) сатумен айналысатын салық төлеушілермен семинар өтті.
Семинарға қатысушылар:
- алкоголь өнімдері, жанар жағар майды (авиациялықтан басқа) сатумен айналысатын заңды тұлғалар және ЖК;
- «Қазақтелеком» АҚ өкілі И.Н. Черепанова;
- Техникалық қамтамасыз ету орталығының өкілдері А.А. Попков ЖК, «Норд-Трейдинг» ЖШС;
- Ұлттық кәсіпкер палатасының өкілі Д.К. Аймурзина.
Семинарды Қостанай қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары К.Б.Рахметов ашты, ол семинарға қатысушыларды таныстырып, семинардың мақсатын және талқылануға жататын сұрақтарын атап өтті.
Қостанай қаласы бойынша МКБ бөлімінің басшысы Е.К.Ахметов мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібін, электрондық есеп-фактурасы бойынша өзгерістер туралы айтты;
Фискалдық мәліметтерді өңдеу Қазақстан Жәрдем Ассосациясының ЗТБ вице-президенті В.Ю.Свининых бақылау-кассалық машиналарын қолдану және орнату тәртібін түсіндірді;
Түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Б.У. Ерменов өзінің баяндамасында мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын қолдану, постерминалдарды орнату және қолдануға, салық регистрлерін толтыру тәртібіне қатысты мәселелерге тоқталды.
«Қазақтелеком» АҚ өкілі И.Н. Черпанова жаңа БКМ қосу тәртібін, жалпы пайдалану телекомуникация жүйесі болмаған жағдайда іс әрекеттер тәртібін түсіндірді.
Қостанай облысының ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Д.К. Аймурзина жаңа БКМ орнату бойынша проблемалық мәселелерді атап өтті.
Лекторлардың баяндамаларынан кейін БКМ қолдану тәртібі сұрақ-жауап нысанында танқыланды.
Салық төлеушілердің қойылған барлық сұрақтарына барынша толық жауап берілді.
Семинардың соңында барлық салық төлеушілерге «Түбіректі талап ет» акциясы бойынша, мәлімет беру және (немесе) бекіту функциясымен жаңа бақылау кассалық машиналарын қолдану жіне электрондық есеп-фактуралары бойынша жадынамаралар үйлестірілді.