Таран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында
жаңа бақылау-кассалық машиналарын тіркеу тақырыбында семинар өтті
2015 жылғы 12 қазанда Таран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Аудандық Мәдениет үйінде жаңа бақылау-кассалық машиналарын тіркеу тақырыбына семинар өткізді.
Семинарға кәсіпкерлер палатасының Таран аудандық филиалының өкілдері, Қостанай облысы бойынша техникалық қызмет көрсету орталығының өкілдері, «Норд- Трейдинг- ЛТД»ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ Қостанай ОТД филиалының Таран АӨТТ, «Таран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ, жеке кәсіпкерлер қатысты.
АҚжӨО басшысы И.В. Маер қатысушылардың назарына жаңа бақылау-кассалық машиналарын тіркеу үрдісін жеткізді.
Сим-картаны алу мәселесі бойынша «Қазақтелеком» АҚ Қостанай филиалына және ТҚКО жүгінуіңізді ұсынамыз, ТҚКО тізімі Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің сайтына орналастырылғанын айтып өтті.
ФДО-мен шарт жасасу, ФДО сайтында БКМ авторландыру, ФДО сайтында жұмыс істеу кезінде туындаған мәселелер бойынша Сall-орталығына 59-00-51 нөміріне (туындаған мәселелер бойынша шұғыл желі) телефон соғуыңызға болады (қоңырау шалу тегін).
«Қазақтелеком» АҚ Қостанай ОТД филиалының Таран АӨТТ бастығының м.а. Ермек Төлебайұлы Нұрахметов сайтта тіркелу туралы айтып берді.
Қостанай облысы бойынша техникалық қызмет көрсету орталығы «Норд-Трейдинг-ЛТД» ЖШС басшысының орынбасары Владимир Михайлович Скляров қатысушыларды жаңа БКМ сатып алу, БКМ қолдану мен жұмыс принциптерімен таныстырды.
Фискалды тіркеу базасында жұмыс істейтін БКМ модернизациялауға жатады.
Қазіргі кезде жаңа БКМ-ға ПОРТ маркасының БКМ 5 моделі жатады: ПОРТ FPG-60 ФKZ, ПОРТ FPG -300 ФKZ, ФДО нұсқасы ПОРТ MP-55B ФKZ, ПОРТ DPG-25 ФKZ, ПОРТ FPG -1000 ФKZ.
Семинар соңында салық төлеушілер тарапынан сұрақтар қойылды, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.