Date of publication: 21.10.2015 12:38
Date of changing: 21.10.2015 12:39

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне ерiктi түрде қою

 

   Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, о сы Кодекстiң 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша мiндеттi есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жерi бойынша салық органына келу тәртiбiмен қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

   Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне ерiктi түрде тұруға:

·         дара кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың

·         мемлекеттiк мекемелердiң

·         Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердiң

·         осы Кодекстiң 411 және 420-баптарында көрсетiлген тұлғалардың, тиiсiнше ойын бизнесi салығы және тiркелген салық салынатын қызметi бойынша;

·         резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң құқығы жоқ.

         Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке осы Кодекстiң 568-бабы 7-тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса бередi.

            Салық органы қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiк бере отырып, салық төлеушiнi қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қояды немесе уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қоюдан бас тарту туралы шешiм шығарады.

         Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою үшiн салықтық өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.

         Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiштi беру күнiнде мынадай шарттардың бiреуi немесе бiрнешеуi бар болғанда:

1) салық төлеушi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде салық есептiлiгiн тапсыру бойынша салық мiндеттемелерiн орындамағанда;
2) осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен аталған салық төлеушi салық органының шешiмi бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарылған күннен бастап екi жыл өтпесе;

 3) осы Кодекстiң 568-бабы 7-тармағында белгiленген құжаттар тапсырылмаса;

 4) заңды тұлғаның құрылтайшысы:

·         әрекетсiз заңды тұлға;

·         әрекетсiз дара кәсiпкер;

·         әрекетсiз заңды тұлғаның бiрiншi басшысы немесе құрылтайшысы;

·         iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

·         Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;

·         iздеу салынған жеке тұлға болып табылса;

  5) заңды тұлғаның бiрiншi басшысы немесе дара кәсiпкер:

·         әрекетсiз дара кәсiпкер;

·         әрекетсiз заңды тұлғаның бiрiншi басшысы немесе құрылтайшысы;

·         iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

·         Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;

·         iздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушiнi қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне ерiктi түрде қоюдан бас тартады.

         Қосылған құн салығын төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тарту туралы шешiм салық төлеушiге қолын қойғызып немесе жiберу фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен тапсырылады.