«Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен бақылау-кассалық машиналарын тіркеу туралы» семинар.
2015 жылдың 13 қазанынде Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының акт залында Қостанай ауданы бойынша МКБ басшысы Б.І.Сүлейменов, ЖШС Басшысы орынбасары «Норд-Трейдинг» В.М. Скляровтың, АҚ «Қазақтелеком» «РПУТ» басшысының О.А.Назаровтың қатысуымен семинар өткізілді.
Кіріспе сөзімен Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Б.І.Сүлейменов сөйлеп шықты, жиналыста талқылауға жататын сұрақтарды және семинардың мақсатын, семинардың қатысушыларын айтып өтті.
Қатысқандар:
Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен жаңа БКМ туралы–Серік Малик ұлы Дербсалин.
С.М. Дербсалин өзінің баяндамасында жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілерінің жоқ болу жерлерінде қызметі орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілерге жанармай, дизельді отын, алкогольді өнімдерді көтерме және (немесе) бөлшек жүзеге асыратын салық төлеушілер 2015 жылдың 1 шілдесінен қаражат есебі арқылы сауда операциялары кезінде белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен бақылау кассалық машиналарын (БКМ) қолдануға міндетті екенін еске түсіртті. Сонымен қатар жаңа БКМ тіркеу кезінде салық органдарына ұсыну үшін қажетті талап етілетін құжаттар тізілімінде және салық органдарында жаңа БКМ тіркеу сұрақтарына тоқталып өтті. Жаңа БКМ тіркеу бойынша салық төлеушілерге жадуалдар таратылды.
Белгілеу және (немесе) деректерді жіберу қызметімен жаңа БКМ туралы – Владимир Михайлович Скляров
Салық төлеушілердің мәліметіне деректерін жіберу қызметімен БКМ техникалық талаптары және сәйкес келетін функциямен БКМ түрлері бекітілген тізілімі туралы жеткізді. Қазіргі сәтте қолда бар жаңа БКМ жүзеге асыруда, олардың техникалық сипаттамаларын, бағалы ұсыныстарын, жүзеге асыру мекен-жайларын нақтырақ айтып өтті. Сонымен қатар ескі БКМ (2004 жылдан ерте емес) өңдеу және жетілдіру сұрақтарына тоқталды. Жаңа БКМ техникалық мүмкіндіктері, ТҚО (техникалық қамсыздандыру орталықтарында) қызмет көрсету бойынша салық төлеушілердің көптеген сұрақтарына жауап берді.
Жаңа бақылау – кассалық машиналарын тіркеу сұрақтары, БДО келісімге отыру–Олег Анатольевич Назаров.
О.А.Назаров өзінің баяндамасында салық төлеушілерге 2014 жылғы 29.12. №1393 ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, белгілеу деректерінің операторы (БДО) – нақты айтқанда жалпы қолданыстағы телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына жедел тәртіпте қаражаттар есебі туралы мәліметтерді жіберуді қамтамасыз ететін заңды тұлға – «Қазақтелеком» АҚ анықталғанын айта кетті. Сонымен қатар тіркеу тәртібі және БДО келісім жасау және www/oofd.kz БДО веб-ресурсы туралы түсіндіріп өтті. Семинарда телекоммуникация желілерінің техникалық мүмкіндіктерінің болмауы кезінде БКМ деректерін орнатудан босатылған тұлғалардың тізімі айтылды.