«Көлікке салық төле» флешмобы
24 қазанда «Астықжан» сауда үйінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқармамен бірлесе отырып, жеке тұлғалардың көлік құралына берешектерін уақытылы төлеу бойынша азаматтық белсенділікті жоғарылату мақсатында «Көлікке салық төле» акциясы шеңберінде флешмобтың 1-турын өткізді.
Флешмобқа облыс орталығының 5 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Акция барысында салық төлеуге шақыру туралы үндеулер айтылып, сатып алушыларға салық төлеу туралы жаднама парақтары таратылды. Сонымен қатар, сол жерде көлік құралына салық бойынша берешекті білуге мүмкіндік жасалды.