Date of publication: 27.10.2015 10:42
Date of changing: 27.10.2015 10:43

«Салық есептілігін тапсыру мерзімі?»

 

Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушулер назарына, жер учаскесі бойынша декларация  (ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды) салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына есеп беру кезеңінен кейінгі жылдың 31- наурызынан кешіктірілмей ұсынылады.

Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу ағымдағы салық кезеңінің 15-ақпанынан кешіктірілмей ұсынылады. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.

Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1-ақпандағы, 1-мамырдағы, 1-тамыздағы және 1-қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15-ақпанынан, 5-мамырынан, 15-тамызынан және 15-қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1-тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.

Азаматтар жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1-қазанынан кешiктiрмей төлейдi