«Уақытша санитариялық шаралар жойылғаны туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпаратына сәйкес, «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 15 қаулысымен енгізілген Ресей Федерациясының мынадай тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының: «Микояновский мясокомбинат»ЖАҚ, «Кампина» ЖШҚ, «МК Преображенский» ЖШҚ, «Хохланд» Руссланд ЖШҚ-ның тамақ өнімдерін, атап айтқанда:
- «Хохланд» Руссланд ЖШҚ (Ресей, Мәскеу облысы, Раменский ауданы, РАОС к., 16-үй) өндірген әртүрлі дәмі бар «HOCHLAND» балқытылған ірімшігін;
- «Преображенский» МК ЖШҚ (Ресей, Мәскеу облысы, Домодедова қаласы, Станционная көшесі, 20-үй) өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігін;
- «Кампина» ЖШҚ (Ресей, Мәскеу облысы, Ступино қаласы, Ситенко В.Л. көшесі, 10-үй) өндірген «Нежный», «Фрутис» йогурт сусындарын;
- «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ (Ресей, Мәскеу қаласы, Талалихина көшесі, 41-үй, 14-құрылыс) өндірген сосиска өнімін әкелуді және өткізуді тоқтата тұру бойынша уақытша санитариялық шаралар жойылды.