«Әрекетсіз салық төлеушілер туралы»
Салық кодексінің 579 бабына сәйкес, әрекетсіз салық төлеушілер болып келесілер танылады:
- осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша; ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
- осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша; ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбағанн дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
Қостанай облысы бойынша әрекетсіз салық төлеушілер саны 5227 құрайды.
Әрекетсіз салық төлеушіге банктер мен кейбір банктік операцияларды жүзеге асыратын мекемелер банктік шоттарды ашуда бас тартанына назар аударамыз (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру фонды мен мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік өтеулер мен жәрдемақы алуға арналған корреспондентік шоттардан басқа).
Әрекетсіз салық төлеушілер туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан.
Әрекетсіз салық төлеушілер қатарынан шығу үшін, дара кәсіпкер ретінде орналасқан жері немесе орналасқан жері бойынша тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш жасау керек.