Date of publication: 02.11.2015 16:17
Date of changing: 02.11.2015 16:19

«Қазақстан Республикасында кеден ісі және кеден заңнамасы шеңберіндегі кедендік тексеру» тақырыбына дәріс

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің арасындағы жасалған меморандумға сәйкес осы жоғарғы оқу орынында оқитындардың оқу сапасын көтеру үшін, Департамент қызметкерлері үнемі үйрету дәрістерін өткізеді.

2015 жылғы 30 қарашада «Қазақстан Республикасында кеден ісі және Кеден заңнамасы шеңберіндегі кедендік тексеру» тақырыбына дәріс өтті.

Аталған дәрісте Департаменттің Аудит басқармасы посткедендік бөлімінің бас мамандары Әбіл Оразтаев және Багит Дюсекеевтер дәріс оқыды, сондай-ақ университеттің экономика факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Кеден заңнамасы шеңберіндегі кедендік тексерулер және кедендік ресімдеу бойынша сұрақтар талқыланды.

Студенттер өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды.