Date of publication: 04.11.2015 17:13
Date of changing: 06.11.2015 09:56

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы контрафактілік алкоголь өнімдерінің айналымын тоқтату бойынша

тексерістер жүргізуде

 

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы салық төлеушілер үшін хабарлайды, Қостанай қаласы тұрғындарының денсаулығына және қоғамдық тәртіпке қауіп-қатер төндіретін іс-әрекеттерді алдын-алу мақсатымен контрафактілік алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын тоқтату, жалған есептік-бақылау маркалары бар алкоголь өнімдерін айқындау және лицензиясы жоқ тұлғалардың алкоголь өнімін өткізу әрекеттерінанықтауүшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тақырыптық (рейдтік)  тексерістер жүргізуде.

Қазіргі уақытта Басқарма қызметкерлерімен  Қостанай қаласында үш апта ішінде өткізілген тексерістер нәтижесінде көтерме жеткізушілер, түнгі мекемелер, бөлшектеп сату дүкендерінде контрафактілік алкоголь өнімдерін өткізу фактілері анықталып, 11 300 мың теңге соманы құрайтын 39 800 шөлмек көлемінде алкоголь өнімі алынды, сонымен қатар бекітілген үлгідегі акциздік маркалары жоқ темекі бұйымдарын өткізу фактілері айқындалды.

 

Басқарма  әкімшілік полициямен бірлесе отырып алкоголь өнімдерінің тасымалдануын бақылау  бойынша қала көшелерінде іс-шаралар өткізді, осындай әрекеттер нәтижесінде РФ шығарылған алкоголь өнімін бекітілмеген үлгідегі ыдыста және рұқсаттама құжаттарсыз тасымалдау бойынша әрекеттері тоқтатылды.

Акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру бөлім қызметкерлерімен контрафактілік өнімдер алынып, салық тексерістерінің актілері құрастырылды, тексерістің әкімшілік материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарына жіберілді. 

Осылай, құқық бұзушылық жасаған тұлғалар әкімшілік сот қаулысымен алкоголь өнімін тәркілеу және әкімшілік айыппұл төлеу, бірнеше жағдайда алкоголь өнімін өткізу және сақтау лицензиясынан айыру   түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Көрсетілген құқық бұзушылықтың қоғамға қаупін ескере отырып, аталған бағытындағы жұмысын жалғастыруда. 

 

Қостанай қаласы бойынша МКБ