
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2018 жылғы 19 қарашада техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау мәселелері бойынша СЭҚҚ және кеден өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Дөгелек үстелде қатысушылар тағы да «Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестікті растау, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты техникалық реттеу бөлігінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 бірлескен бұйрығымен танысты.
Атап айтқанда, техникалық регламенттер талаптарына сәйкестікті, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруға (шартты түрде шығару) кедендік рәсіміне орналастырған күннен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылатыны айтылды.
СЭҚҚ осы бұйрықтың талаптарына сәйкес 60 күнтізбелік күн ішінде белгіленген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға арналған сәйкестікті растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда МКД-ге ұсынуға міндетті екені атап өтілді.
Кеден өкілдерінің назарына осы мерзім өткен соң, СЭҚҚ сәйкестікті растайтын құжатты немесе сертификаттау бойынша органның техникалық реттеу бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін ұзату қажеттілігі туралы хатты ұсыну қажет.
Техникалық реттеу бойынша қажетті құжаттарды белгiленген мерзiмдерде ұсынбаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 538-бабына сәйкес декларант көзделген жауапкершілікке тартылады.
Кедендік бақылау басқармасы