ҚҚС тіркеу есебінен шығаруға қатысты 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген өзгерістер туралы
2014 жылғы 28 қарашадағы №257-V Қазақстан Республикасының Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 571 бабының 4 тармағына келесі толықтырулар енгізілді:
Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабарламай келесілерде жүргізіледі:
· қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларацияда үздіксіз жалғасатын келесі екі салық кезеңі ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу және сатып алу жөніндегі айналымдар туралы мәліметтерді көрсетпеген;
· осы Кодекстің 568-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою жүргізілген күнтізбелік жылда қосылған құн салығы бойынша осындай тіркеу есебіне тұрған тұлғада айналым мөлшерінің осы Кодекстің 568-бабының 5-тармағында белгіленген ең төмен айналымнан асып кетуі болмаған;
· егер заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушы) немесе дара кәсіпкер:
- әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;
- егер қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған) кезден бастап алты ай өткен жағдайда, қайтыс болған (қайтыс болды деп жарияланған);
- 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-1, 216, 217 және 222-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
- 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216, 238, 240 және 245-баптары бойынша жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар жеке тұлға;
- іздеу салынған жеке тұлға;
- болу мақсаты Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты емес не Қазақстан Республикасы аумағында болуға рұқсат етілген мерзімі аяқталған шетелдік жеке тұлға немесе азаматтығы жоқ адам болып табылған жағдайларда салық төлеушіні хабардар етпестен жүргізіледі.




























