Date of publication: 23.11.2015 10:42
Date of changing: 23.11.2015 10:43

«100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары

 

КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ

Ұлттың стратегиялық жоспарында осыған байланысты салық салу жүйесін жаңғырту бойынша сәйкес шаралар қарастырылған. Мәселен, құжат тармақтарына сай қырық екінші қадам ретінде кейін барлық азаматтардың кезең-кезеңімен көшуі үшін мемлекеттік қызметкерлердің 2017 жылғы 1-қаңтардан бастап жалпыға ортақ кірістер мен шығыстарды салықтық декларациялау  белгіленген.
Мұның ауқымды және әлеуметтік елеулі жоба екенін айта кеткен жөн. Оны енгізу және жүзеге асыру үшін ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпыға ортақ декларациялау үшін қажетті ақпарат ұсынуға дайындығы, ал жеке тұлғалардың өз кірістері мен шығыстары туралы есептілік құрастырулары мен ұсынулары іспетті негізгі факторларды ескеру керек.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыға ортақ декларациялау – Қазқстанда бай және кедей адамдардың болмауының жолы деп атап өткен болатын.
«100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасы бес институционалдық бетбұрысты сәтті жүзеге асыруға бағытталған. Осы құжат өз қисындылығы мен сабақтастығы арқылы ерекшеленеді. Айталық, кірістер мен шығыстарды жалпыға ортақ декдарациялау енгізілгенге дейін Қазақстанда  ауқымды  түрде мүлік заңдастыру жүргізіледі. Осылайша мемлекет әрбір азаматқа көлеңкелі айналыстан өз капиталын алып шығу мүмкіндігін беріп отыр. Кейін осы кампанияның қатысушылары өз мүлкіне салықты тыныш төлейді және мемлекеттік органдар  тарапынан қандай да бір аңдушылыққа алаңдамайтын бола алады.
– Кірістер мен шығыстардың жалпыға ортақ декларациясы – бұл тым дәулетті байлар мен өте жұпыны адамдардың болмауына жол ашу, яғни олар теңестірелетін болады. Және әрқайсысы– не үшін сатып алды не үшін сатып жіберді- есеп беретін болады. Сондай-ақ, ақшаны қайдан алды: міне осының алдында біз бәрін де айқын қылғымыз келеді, заңдастыру жарияладық –деді бұған дейін президент  Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тап осы  отырыста мемлекет басшысы ақшасын «қалтарыстарға»  тығып қойып отырғандар үшін айтарлықтай салдарлар болатынын мәлімдеген болатын. Осындай азаматтарды  тауып алу айтарлықтай қиын емес, себебі осы қаржы секторында ешқандай да құпиялар жоқ. Жыл сайын адамдардың қаржылық жағдайын белгілейтін түрлі тәуелсіз тізімдер мен рейтінгтер жарияланып жатады.
– Жалпыға ортақ декларациялау көлеңкелі экономиканың көлемін азайтуға көмектеседі, сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді құрал бола алады.  2017 жылғы қаңтардан бастап кірістердің де шығыстардың да жалпыға ортақ декларациясы болады - деді Президент.

Жалпыға ортақ декларация дегеніміз - барлық жеке тұлғалардың да ҚР аумағында да, одан тысқары жерлерде де салық салу нысаны болып табылатын мүлкі және кірістері туралы декларацияларын ұсынуы. Оны толығымен салық жинау, тұрындардың нақты кірістерін салықтық бақылау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл құралы ретінде қарастыруға болады. Бір сөзбен айтқанда, осындай шаралар әлемнің көптеген елдерінде көптен бері қолданылып келе жатыр.  
Қазақстандағы тәуелсіздік жылдарында көп дүние өзгерген. Нарықтық экономиканың дамуы тұрғындардың бақуаттылығына әсерін тигізді. Қазақстандықтардың кірістері елеулі түрде көбейді, бірақ бұл салық төлеушілердің осы санаты үшін бюджетке түсетін салық түсімдеріне  аз деңгейде әсерін тигізді. Мұның өзі көптеген жағдайда төлем көзінен салық ұстау жүргізілмей, оның өзі заңнама бойынша жеке тұлғалардан кірістердің өз беттерімен декларациялануынан болып жатты.  Азаматтар кірістер туралы толығымен мөлдір жүйеге ие болу үшін мемлекет тарапынан бақылау болуы маңызды.

 Бұған осы кірістер мен шығыстарлы міндетті түрде декларациялау жүйесін енгізу сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін шешуге өз ықпалын тигізіп, оң нәтиже берері белгілі. Және осы деректі тек кірістерді ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің де, қатардағы қазақстандықтардың да кірістері мен шығыстарын декларациялауға көшу  қажеттігінің ірі себебіне жатқыза аламыз.
Жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға ортақ декларациялауға көшу «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдардағы экономикалық саясаттың негізгі бағыттары және  көлеңкелі экономика мөлшерін азайту бойынша ұйымдастыру шаралары» бағдарламасындағы салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің негзігі іс-шараларының бірі ретінде алғаш рет белгіленді. Осыған байланысты концепция жасалды және Қзаақстан Республикасы азаматтары мен тұрғылықты орынға ниетті тұлғалардың кірістері мен мүліктерін жалпыға ортақ декларацияалуға көшуі бойынша іс -шаралар жоспары бекітілді.

Негізінен, Қазақстанда азаматтардың жекелеген санаттарының кірістерін декларациялау ішінара енгізілді. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің (бастапқы декларацияларын)  сондай-ақ  ұлттық компаниялар қызметкерлерінің активтері туралы, сондай-ақ міндеттемелері туралы декларацияларды ұсыну міндетті болып табылады және  бұл міндеттеме осы ұйымдардың жаңа еңбекерлері үшін де таратылады, олар үшін жұмысқа қаблдаған кезде  бірінші декларацияны ұсыну қарастырылған. Бұған қоса еңбеккердің жұмыстан босатылуы жағдайында ол жалпыға белгіленген тәртіппен есептік салық кезеңі ішіндегі жылдық декларациясын ұсынуға міндетті.

Биылғы жылы декларациялау жүйесіне мемлекеттік мекемелердің еңбеккерлері (білім және медицина қызметкрелері) және мемлекеттік  кәсіпорын еңбеккерлері тартылды.

2016 жылға Қазақстан Республикасының қалған барлық азаматтары және 2014 және 2015 жылдары декларация ұсыну бойынша міндеттеме таратылмаған тұрғылықты орынға ниетті тұлғалардың бірінші декларацияларын ұсынулдары жоспарланған.  

2017 жылдан бастап барлық қазақстандықтар және  аумақта үнемі тұрып жатқан тұлғалар жылсайынғы декларацияларын ұсынуға міндетті болатын болып отыр.

Жалпыға ортақ декларациялауға көшу салықтық бақылуды кұшейту, мұның өзі салық базасын кеңейту үшін негізді құрайды және жеке кіріс салығы (әрі қарай ЖКС) түріндегі бюджет кірістерін ұлғайту  үшін негіз бола алады. Мемлекеттік уәкілетті органдардың болжамдары бойынша жалпыға ортақ декларациялауды енгізу нәтижесінде ЖКС бойынша бюджетке түсімдердің ең минималдысы 10 пайызды құрайды деп күтілуде.

Қазақстанның одан әрі жоспарлы түрде дамуы және қырық үшінші қадам ретінде алға қойған мақсаттарды шешу сабақтастығы салық декларацияларын қабылдау және өңдеу үшін орталықтар жүйесін құру белгіленген.  Орталықтар салық төлеушілердің бірегей мұрағатына қол жеткізе алады. Тәуекелді басқару жүйесін енгізу.  Декларанттар салықтық бақылау туралы шешімдер қабылдау үшін тәуекел санаттары бойынша саралайтын болады. Бірінші рет декларация тапсырғанан соң жеке тұлғалар үш жыл ағымында қайталап тексеруге жатпайтын болып табылады.

Осынау кезеңді жүзеге асыру аясында салық органдары ұсынылған декларацияларды  сынамалы қабылдауды және өңдеуді жүргізеді. Бұдан соң іс жүзіндегі көрсеткіштер негізінде бақылау жүргізу үшін қажетті мәліметтердің толықтығына, декларация мазмұнына талдама жүргізіледі сондай -ақ жетілдіру мақсатында декларацияларды қабылдау, өңдеу камералдық бақылау, тексеріс үшін декларацияларды іріктеу және осы үдерістерді түзету бойынша үдерістер тиімділігінің талдамасы жүргізілетін болады.  Қазақстанда салық төлеуден жалтару мәселесі әлі күнге дейін өзекті және ауқымды деп ұйғара аламыз. Мұның өзі жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерінің төмен айлықақылары аясында жүргізіледі. Бұл дегеніміз - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан жеке тұлғалардың кірістерінің шамамен 50% салық салынбайды деген сөз.  Бұған дейін осы ақпарат ҚР азаматтары мен тұрғылықты орынға ниетті тұлғаларды жалпыға ортақ түрде декларациялауға көшу концепциясында белгіленген болатын.

Мендіқара ауданы бойынша МКБ