Date of publication: 28.11.2015 09:25
Date of changing: 28.11.2015 09:26

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу» туралы

Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мақаласы

 

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық сферасына ыдырату әсерін тигізеді экономикаға, әлеуметтік сфераға, саясатқа, ал жағымсыз салдары қоғамның прогрессивті дамуына кедергі келтітіргеннен басқа халықтың қауіпсіздік мүддесіне анық қауіп-қатер туғызады.

Мемлекеттікті құру және Қазақстан демократиясының дамуына кері әсерін тигізуді азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентімен 2015-2016 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

         Бұған қоса Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер комитетімен «2015-2017 жылдарға даму бағытының үлгісі» және «Комитеттің басымды тапсырмаларының жоспары» әзірленді.

         Осы ретте Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күресу бағдарламаларын және заңдарын іске асыру келесі бағыттарда жүргізілуде:

- мемлекеттік қызмет көрсету барысында электронды салық қызметтерін ұлғайту жолымен халықпен лауазымды тұлғалардың тікелей контактілерін азайту;

-ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталығы халыққа қызмет көрсету жұмыстың айқын жүйесінің максималды болуымен жетілдірілуде;

-  электронды аудиттың енгізілуі жүзеге асырылуда;

- тәуекел басқармасының жүйесі жетілдірілуде;

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік кірістер органының имиджін көтеруге және салық төлеушілердің салық мәдениетін ұлғайтуға, сонымен бірге құқық қорғау органдарымен және азаматтық қозамның институттарымен өзара ынтымақтасуға елеулі мағына береді.

Басқармада модераторлар қызметі ұйымдастырылған, сенім телефоны жұмыс жасайды. Басқарма мекемесінде, есептілікті қабылдау Орталықтарында мамандарды бақылауды мүмкіндік беретін  видеокамералар, шағым және ұсыныстарға арналған кітап және жәшіктер орналастырылған.  
         Сондай-ақ егер қоғам, әр азамат сыбайлас жемқорлыққа төтеп беру шешімін қабылдамаса сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі, ал мемлекеттік басқарма құзыретті, әрі тиімді болмайды. Соған байланысты қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырамыз.

 

Қостанай облысы бойынша МКБ