«Қаратомар» кеден бекетінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыптарына
дөңгелек үстел өтті
«Қаратомар» кеден бекетінде 2015 жылғы 19 қарашасында Рудный өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Өңіраралық бөлімінің консультанты Асылхан Қалмахан ұлы Өтебаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде маңызды сұрақ – мемлекеттік қызмет көрсету, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасы және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік шаралар талқыланды.
Асылхан Қалмахан ұлы Өтебаев жемқорлыққа қарсы күрес саясатында кез келген уақытта оның пайда болуында нөлдік шыдамдылық атмосфера құруды, мемлекеттік 2015-2025 Жемқорлыққа қарсы күреске арналған стратегияны және маңызды тапсырмаларды жеткізді.
Ішкі эканомикалық қызметінің қатысушыларынан Рудный өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Өңіраралық бөлімінің консультантына, сондай-ақ кеден бекетінің басшысы Юрий Есіркепұлы Рахымбаевқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік қабылданған шаралар бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сұрақтар қойылды.
Барылық қойылған сұрақтарға толық жауаптар қайтарылды.
«Қаратомар» кеден бекеті