Date of publication: 07.12.2015 09:12
Date of changing: 22.12.2015 09:43

Міндетті кәсіби зейнетақы жарналар туралы

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жинақтау зейнетақы жүйесінде зейнетақы жарналарының жаңа түрі - міндетті кәсіби пайда болды. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарды бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры жүзеге асырады.

Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары дегеніміз не (МКЗЖ)?

Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 31.12.2013 жылғы  № 1562 өндіріс, жұмыс, жұмыскерлердің мамандығы тізбесімен көзделген жұмысшылардың пайдасына салымшылардың бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына (БЖЗҚ)  енгізген ақшалар .

МКЗЖ салымшысы кім?

Жұмыс беруші міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының салымшысы болып табылады. Ол өзінің жеке қаражаты есебінен жұмысшының пайдасына міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын жүзеге асырады.

МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтауларына кім құқылы?

МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтауларына тізбелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мамандықтар бойынша жұмыс істейтін азаматтар құқылы.

Тізбені әзірлеу кезінде ҚР ЕХӘҚМ еңбекті қорғау жөнінде Республикалық ҰЗИ зерттеулер нәтижелері қолданылды. Жұмыстың нәтижелері бойынша зиянды (аса зиянды) еңбек шарттары бар мамандықтар тізбесіне енгізу үшін көрсеткіштер және критерийлер белгіленді;

-         Зиянды өндірістік факторлардың болуы;

-          зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайында жұмыста 80%  кем емес болуы;

-          өндірістің кәсіптілігімен байланысты (өндірістік объектілерді аттестациялау нәтижелері бойынша) зиянды еңбек жағдайларының сақталуы (зияндылығы 3-сыныптан төмен емес);

МКЗЖ  көлемі қандай?

-         Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданған жұмыскердің ай сайынғы кірісінен 5 пайыз көлемінде белгіленеді.

-         Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы шарт дегеніміз не?

-         Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (қосылу шарты) есебінен зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы шарты «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген БЖЗҚ-ның, салымшылардың және алушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейді. Қосылу шарты  www.enpf.kz. сайтында орналасқан. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы шарты жеке зейнеткерлік шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтініштің негізінде жасалады. Өтінішке үш тарап қол қояды – шарттың қатысушылары:  БЖЗҚ, салымшы (жұмыс беруші) және міндетті кәсіби зейнетақы жарналары жүргізілетін алушы (жұмыскер).

-         Барлық тараптар өтінішке қол қойғаннан кейін БЖЗҚ міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы шартты жасаған, жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне шарт туралы мәліметтерді енгізу үшін Зейнетақыларды төлеу бойынша мемлекеттік орталыққа (Орталық) электронды хабарламаны жолдайды.

-         МКЗЖ есебінен шартты жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне шарт туралы мәліметтерді енгізеді. Қор Орталықтан электронды хабарламаны алған күннен бастап салымшы шартқа қосылған деп саналады.

МКЗЖ төлеуден кім босатылған?

-         МКЗЖ төлеуден мыналар босатылады:

-         «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлікті қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа келген тұлғалар;

-         мүгедектік мерзімсіз белгіленген шартымен бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар талғалар;

-         арнайы атақтары, сыныптық шендер берілген әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ арнайы атақтары, сыныптық шендері және нысанды киімді киюге құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған тұлғалар.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ аудару мерзімдері 

-         Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – кірістерді төлеу айының 24 күнінен кешіктірілмей төленеді. Арнайы салық режимін қолданатын, шаруашылық субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен көзделген тәртіпте және мерзімде.

 

МКЗЖ төлеу мерзімін өткізіп алған жұмыс берушіге әрекет ету механизімі бар ма?

 

Аталған МКЗЖ-ны салық органдары бақылайды. Егер, жұмыс беруші жұмыскердің ЖЗШ-ға МКЗЖ-ны (іс жүзінде төлеу және жұмыскердің кірісті алу шартымен) уақытылы аудармаса, салық органдары жұмыс берушісінен  және уәкілетті орган белгілеген әр бір өткізіп алған күн үшін (Орталыққа төлеу күнін қосқанда) ресми қайта қаржыландыру ставкасының 2.5-еселі көлемінде есептелген өсімпұлмен өндіріледі және МКЗЖ БЖЗҚ-ға аударуға жатады. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының толық емес және (немесе) уақытылы аударылмаған жағдайда салық органдары  жұмыс берушілердің банк шоттарынан ақшаларды пайда болған берешектер шегінде өндіріп алуға құқылы. Берешекті өндіріп алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жұмыс берушіге жолданған хабарламаның негізінде жүргізіледі.

 

Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде  міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша берешек өндірілініп алынатын салымшылардың тізімдерін салық органына ұсынуға міндетті.

         Салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында МКЗЖ бойынша берешегі бар, оның пайда болған күннен бастап алты айдан артық мерзім ішінде өтемеген жұмыс берушілердің тізімдерін жариялайтын болады.

Жұмыс берушінің МКЗЖ-ны уақытылы  төлеуін бақылау қалай жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілер тоқсан сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген мерзімде, жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларацияны ұсынады, онда міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) сомалары бойынша мәліметтерді көрсетеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі декларацияның нысанын және оны әзірлеу тәртібін белгілеуде.