Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекеледі
Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залында 2015 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мәжіліс өтті.
Іс-шара Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Т.Дөненбаевтың қызметкерлерді құттықтау сөзінен басталды.
Жұмыстағы жақсы еңбегі үшін ерекшеленген қызметкер Ә.Қ.Құдабаеваға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысы А.М.Паяевтың құрмет грамотасы табысталды.
Қостанай қаласы бойынша МКБ