Date of publication: 07.12.2015 18:42
Date of changing: 08.12.2015 18:47

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты жиын өтті

 

2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті А.Ә. Назарбаевтың Қазақстан еліне кезекті жолдауының тікелей көрсетілімі болды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлері қарап шыққан соң салық заңнамасына қатысты  өзгерістерді талқылады.

Сол күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Ол жиында ерекшеленген қызметкерлер Департамент басшысының құрмет грамоталарымен марапатталды.