Date of publication: 08.12.2015 19:14
Date of changing: 08.12.2015 19:17

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде

салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылғы 7 желтоқсанда салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес өтті.

Консультативтік кеңесті Департамент басшысы А.М. Паяев ашты, ол Предидент Жолдауының негізгі жағдайларына назарды аудара отырып, салық және кеден заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етті.

Күн тәртібі бойынша:

«Дүниежүзілік сауда ұйымы және Еуразиялық  экономикалық қауымдастығы шеңберіндегі Қазақстан Республикасының сауда саясаты» тақырыбына Кедендік ресімдеу басқармасының бас маманы Евгений Александрович Найденов;

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау сұрақтары бойынша ҚР кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбына Мемлекеттік қізмет көрсету басқармасының басшысы Гульсум Мубараковна Капбасова;  

«Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер депаратментіндегі жемқорлыққа жол бермеу» тақырыбына Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Ерден Жагалбаевич Салькеев баяндамамен сөз сөйледі. 

Кеңеске Қсотанай облысының кәсіпкерлер палатасының, «Нұр отан»  Қостанай облысы филиалының, Қостанай облысы Әкмдігінің инвестициялық даму және кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, ірі СЭҚ қатысушылары, БАҚ қатысты.

Департамент басшысы А.М.Паяев кеңесті қорытындылай, қатысушылардың барлығына жыл ішіндегі белсенді ынтымақтастығы үшін ризашылығын және жаңа жылы да ынтымақтастықтың жемісті болатынына үміт лебізін білдірді.