Date of publication: 11.12.2015 17:47
Date of changing: 11.12.2015 17:48

Мүлікті жария ету бойынша

салықтөлеушілердің назарына

 

Ағымдағы жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң 18 қарашада жарияланды, тиісінше жаңа өзгерістер 30 қарашадан бастап күштеріне енді.

Жария ету субъектілеріне қосымша кепілхат ұсыну бойынша мәселелерге ерекше тоқталғым келеді (мүлікті жария ететін тұлғаларға). Заң өткізілетін акцияға аса қолайлы және тартымды жағдай жасайды және халықтың оған белсенді қатысуына әсер етеді.

Мүлікті жария етумен байланысты әр ақпарат және мәлімет салықтық және банктік кұпия болып табылады, оны жария еткені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жария ету субъектілері құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдары тарапынан заңсыз әрекеттерден қорғалған. Ол бойынша қылмыстық істерді қозғауға немесе мүлікті және ақшаны жария етуді дәлел ретінде қолдануға тиым салынады.    

Сондай-ақ жария етілген мүлік тәркіленуге жатпайды, жария ету туралы ешкім, атап айтқанда жария ету комиссиясының жұмыскерлері, екінші деңгейдегі банк және Казпочта бөлімінің қызметкерлері үшінші тұлғаларға жариялауға құқылы емес.  

Осы Заңға сәйкес негізгі өзгерістерге тоқталсақ:

1.           Мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылған. Мүлікті жария ету үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

2.  Ақшаны жария ету рәсімі оңайлатылған.

Енді ақшаны екі тәсілмен заңдастыруға болады:

Біріншісі: банк шоты арқылы оларды көрсету және өзінің қандай да болмасын керек жарағына пайдалану, мысалы: бизнеске салу, жылжымайтын мүлік сатып алу және т.б. және жай ғана алу. Мұның барлығы 10% алымды төлеусіз өндіріледі.

Екінші: банк шоттарында оларды көрсетпестен, шекарадағы немесе жеке айналымдағы ақшаны жария ету, мәлімдеу түрінде (мүлікті жария ету туралы арнайы декларацияда сомманы мәлімдеу және оны мемлекеттік кірістер органдарына тапсыру), Бірақ онда бюджетке 10% алым төленеді.

3.     Мүлікті жария ету рәсімдері айтарлықтай оңайлатылған.

 Әкімшіліктер жанындағы комиссияларда Қазақстан Республикасы аумығында орналасқан, оған құқық ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету ғана қалдырылған.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қалған мүлік бөлігінде (сондай-ақ құқығы жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға ресімделген мүлік, қозғалмалы), алымды төлеусіз мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну жолымен өткізу.  Бұл ретте, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүлік бойынша жария ету 10% алым төлеумен мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны ұсыну жолымен өтеді.  Мұндай жағдайда мүліктің құнын жария ету субъектісі өз бетінше анықтайды.

Мемлекет басшысы айтқандай «заңдастыру  соңғы мүмкіндік, сосын ешқандай қостау болмайды. Жария ету жалпы декларациялау алдындағы соңғы акт. Осы акцияның аяқталуынан кейін шетелдегі шоттар бойынша барлық ақпарат дүниежүзі бойынша тексеріледі.

Заң біріншіден, шетелдегі шоттар бойынша ақпаратты жасырғаны үшін әкімшілік жазаны күшейтуді, екіншіден, шетелдегі мүлікті міндетті жария етуді болжайды.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы