Жітіқара ауданы аймағындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен семинар өтті
«Қостанай минералдары» АҚ басқармасында Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Р.Т.Искалиевтің төрағалығымен Жітіқара ауданы аймағындағы ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен келесі тақырыптарға семинар өткізілді:
- АӨК қаражаттандыру;
- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қатысты салық салынуының ҚР Салық Кодексіндегі өзгерістер;
Қаражаттандырудағы жаңалықтарға қатысты Кәсіпкерлер Палатасының директоры Д.Б. Мункебаев, Жітіқара ауданы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы И.С. Бердичевский сөз сөйледі.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қатысты салық салынуы ҚР Салық Кодексі жаңалықтары бойынша Жітіқара ауданы МКБ басшысының орынбасары Е.Т. Ермұхамедов мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ, 2015 жылдың 29 қазанында Елбасының қолы қойылған «Ауылшаруашылық кооперативтері мәселеріне қатысты кейбір ҚР заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңында белгіленген, бюджетпен жалпыға бірдей тәртіп бойынша есеп айырысатын шаруа мен фермерлік қожалықтарына арналған, ҚР Заңында 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап ауылшаруашылық тауарларын, аква өнімдерін (балық шаруашылығын) өндірушілерге және ауылшаруашылық кооперативтеріне арнайы салық тәртібін бірнеше салықтарды 70 % жеңілдікпен қолдану құқығы қарастырылған деп ескертеміз,сонымен қатар Салық кодексінің 450 бабы 1 тармағына сәйкес шаруа қожалықтары 2015 жылдың 10 желтоқсан күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына хабарландыру ұсынуға міндетті
Мәлімдеме аяғында Жітіқара ауданы МКБ басшысының орынбасарына жоғарыда айтылған жаңалықтары бойынша қатысқан тұлғалардан сұрақтар қойылып, оларға толық және қамтыған жауаптар берілді.